Су жаңа өлең

Темекінің түтіні теуіп басқа, ойланам…

Көз алдымда көлбеңдейді қараң-құраң көп адам.

Мен кезінде кемеліме келермін деп ойлағам,

Мен кезінде жетеріме жетермін деп болжағам…

Сол бір ойлар, сол бір болжам бұл күндері қайда жүр?

Қу далада құлазыған қалды-ау шіріп, жайрағыр!

Әлде мұзарт шың  басында қалдырдым ба шыдаммен,

Әлде аптап шөлде құмға көмдім күдік-күмәнмен…

Көкірегім мұңға толы десем тағы сенбессің.

Себебі сен қуаныштың әлемінен келгенсің!

Кезінде мен құшағымды бір өзіңе арнағам…

Кезінде сен мендік едің, маған ғана ергенсің…

Тағдыр енді тарлық қылмай, езгілеуде етімді…

Ал, сен маған күлесің кеп, күлегеш қыз кекілді!

Екеуміздің арамызға сына қақты-ау сыздатып…

Екеумізді сандырақтар екі айырған секілді.

Сатқын дер ем, сатылмадың, жанымда да, бірақ, қалмадың.

Айғайлап тұрып, айхай, саған, бар мұңымды арнадым!!!

Ойнайсың, ә, өзгеріпті болмысың, бітім-бүтінің…

Әлде жалғыз өзгерді ме түкке тұрмас талғамың…

Жымияды жүрек тілер әдемі, әсем ерінің.

Өкіндің бе? Өзегіңді өртей ме әлде өмірің?

Сен мендіксің! Сайқал муза, мендік болып жаралдың!

Маған бола шайқалмасын, жалғызым-ау, сенімің…

24.09.2010

6 thoughts on “Су жаңа өлең

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s