Қазақ фэнтезиі жайлы бір ауыз сөз

Кеше сүйікті трилогиямның бірі “Властелин Колецті”кезекті рет қарадым.

Неге екені осы шығарманың экранға шыққан нұсқасын көруден жалықпаймын. Әрине, кей жерінде фальш, жасандылық пен Голливуд фильмдеріне тән жауыр болған сәттер кездеседі. Бірақ, ол фильмнен алған әсерге онша ықпалын тигізе қоймайды.Жалпы осы фэнтези жанрының адамдар арасында өте танымал, сұранысқа ие екені жайында бір оқығаным бар еді (ақпарат көзін тапсам бере жатармын).  Таңғажайып халықтар, түрлі елдер, алуан сипатты әлемдер көпшілікті қызықтырмай қоймасы керек. Оны әдебиетті бизнес деп танитындар пайдаланып қалып-ақ жатыр.

Фэнтези дегеніміз не – осыны анықтасақ. Викикітаптың айтуынша, фэнтези – қазіргі нұсқасы жиырмасыншы ғасырдың басында қалыптасқан, аңыз, ертегі, миф кейіпкерлерін пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиеттің түрі екен.

Ал, енді қалай ойлайсыз фэнтези жанры қазаққа жақын ба? Қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері осы заманғы, осы бағыттағы шығармаларға арқау бола ала ма? Біздің жезтырнақ, дию, айбөкендеріміз (тағы басқа толып жатқан кейіпкерлер) батыстық эльф пен гномға қарсы тұра ала ма?

Сіздің ойыңыздың қайда тоқтағанын білмедім, меніңше, қазаққа фэнтези жазуға әбден болады. Егер осы жанрда шығарманы дұрыстап, арнайы, мақсатты түрде, екінші класс оқушысының кітабындағы жезтырнақты (немесе диюды, немесе айбөкенді, т с.с.) нағыз фэнтезиге лайық жезтырнақпен (немесе диюмен, немесе айбөкенмен, т с.с.) шатастырмай, жырқ-жырқ күліп, «прикол» ұстамай отырып жазса қазақтың қиялы басқаның қиялының «аналық платасын» айырып, «қатқыл дискісін» қатырып тастайды. Әрине, ғылыми фантастика жазатынымызға күмәнім бар, бірақ қазақ қиялдауға келгенде қатырады. Оған өздеріңіз «кішкентайдан» бірге өскен ертегілер куә.

Кейде ойлаймын да, осындай секілді ойда-қырда жатқан потенциалымызды неге пайдаланбаймыз деп? Ең болмаса талпынып көрсек. Түк шықпаса, жарайды, ешкім шапанымызды шешіп алып қалмас.

Бұл жанр өзімді қызықтырған соң, жаздым. Әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.

8 thoughts on “Қазақ фэнтезиі жайлы бір ауыз сөз

  1. Фэнтэзи қазаққа жақын. Мысалы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы фэнтэзи жанрында жазылған ғой.

  2. Жалпы, әдебиеттен, соның ішінде, оның тап осы бағыттынан, тіптен мақұрыммын. “Мен жаза алам” деп айта алмаймын))). “Тұран” газетінде, бір уақыттарда қателеспесем, Алексей Гончаров дегеннің қазақтың мифтік кейіпкерлері туралы мақалалар циклы шықты. Біршама қызық. Барынша, байыпты барғасын ба, бұл тақырыпқа. Егер, осы бағытта бақ сынап көрем дейтіндер болса, және ол іске мейлінше, ыждағатпен кірісем десе, “Аватардағы”-дай “жаңа әлем” жасап дегендей, онда Серік Қондыбайдың еңбектерімен танысуға кеңес берем. Қазақы миф пен мистиканы мейлінше молынан мошқаған адам.

  3. Қазақша кино шығарайық, ақыры кетіп жатқан ақша ғой оңға-солға алып қашып жатқан. Махаббатты да жарытпадық, воевик туралы басқа әнгіме. КВНнен шыға сала кино түсіріп жатыр мардымсыз. уффффффффффф

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s