The Other Guys – қуған кино

Киноның жүріп жатқанына біраз болса да, мен кеше ғана көрдім. Негізі фильмге қатысты пікірлер  екіге жарылды. Бір жартысы “лағып кеткен дүние, барып уақытыңды, ақшаңды құртпа” деді, енді бірі “керемет, күлкіден өлдім, көп боп еді мұндай комедия көрмегелі” деп ақыл берді.

Бірден айтайын, мағынасы терең кино көргіңіз келіп жүрсе, онда бұл киноға бармай-ақ қойыңыз. Себебі “Отырып қалған жігіттердің” (өзім осылай аудардым, бәлкім дұрыс болмауы да мүмкін, орысша бізге “Копы в глубоком запасе” деп келді, ағылшыншасы “The Other Guys”) терең мағынаға, көркем шығармаға, әдемі көріністерге еш қатысы жоқ. Таза қуған кино. Бір қарағанда мағынасыз, мәнсіз, сылдыр дүние болып көрінгенімен “Тупой и еще тупеенің” әзілін түсінетін, ұнататын пендеге таптырмас фильм. Ә деп басталғаннан-ақ атыс-шабыс, экшнмен басталаған кино, адамның миына келмес, өте қисынды әрі күлкілі қалжыңдармен жалғасады. Және бір ерекшелігі – жалпы сценарийі бесенеден белгілі, банальді оқиғалардан тұрса да, жекелеген сәттер мүлде күтпеген сөздермен, аяқасты айтылған сөйлемдермен әрленген.                                                      Әсіресе Самуэль Л. Джэксон  мен Дуэйн Джонсонның рөлі өте ұнады.

Сонымен қатар Марк Уоллбергтің түрі де еріксіз күлдіреді. Айтпақшы бүкіл кино бойында ол бір-ақ жерде езу тартады. Уилл Фаррел де жарады.

Әрине, бұл киноға бару үшін негіз болатын себептердің бірі – Ева Мендес…)))

Жалып бұл киноны үш мақсатта көруге болады:

  1. Ева Мендес үшін.
  2. “Тупой и еще тупее”, “Әнектер.кз”, “Сатыбалды” стиліндегі қалжыңды сүйтіндерге көруге болады.
  3. Бір топ достармен улап-шулап барып көруге болады.

Ал, жалпы кино қызық. Көруге, оның үстіне кинотеатрдан көруге тұрарлық дүние деп ойлаймын. Тек кейбір жерінің іш пыстырғаны болмаса…

Суреттер kino.kz, imdb.com, film.ru сайттарынан алынды.

6 thoughts on “The Other Guys – қуған кино

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s