Қайран қазақтың бард-ақыны….

Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен,

Табылдың құтылуы қиын шығар…

Табылды Досым

Күнделікті сайт ақтаратын әдетіммен таңертең «Абай.кз-ті» қарап отыр едім, Табылды Досымның қайтқаны жайлы ақпар оқыдым. Бұрынырақта естігенім болмаса, маған аса таныс емес тұлға. Бірақ, көп жағдайда өлімнен кейін өңештенетін қазақпыз ғой, қарманып мәлімет іздедім…Нұрбергеннің жазбасын оқыдым… өзінен өлеңдеріне сілтеме алдым…

Тыңдадым…таң қалдым…

Осы уақытқа дейін өлеңдерін оқымағаныма, әндеріне құлақ қоймағаныма өкіндім. Шын өкіндім.

«…Қыр баласы тауға қарап өспейді,

Қыр баласы қол созады аспанға…»

Біздің байғұс көңілге жетпей жүргені осы екен ғой…Біздің жамау жүрегімізді жұбататын осындай өлең екен ғой…

«…Бір күні Құдайыңнан хабар келсе,

Шығасың сен де, құрбым, қыр басына…»

Жаныңыз жұмақта болсын, жақсы аға… Шыққан қырыңыз биік болсын.

«Он бөлме үйің қалар, қиын болар,

Өйткені бәрі жалған, бәрі жалған…»

Тыңдайтын құлақ, ұғар жүрек барда өлеңдеріңіз өлмес, қалмас…

«Табылдың бір кездегі әні екен деп,

Соңымнан зарлап жүрсін қалың Адай…»

“Мен қазақпын ашуланып,

Талқан қылар тірлікті,

Шайға бола бір кесе”…

Қазақ Сізді сағынады…

Табылды Досымның бес әні мына жерде бар.

7 thoughts on “Қайран қазақтың бард-ақыны….

  1. “Жастар” сайтында салған едім бірнеше әндерін, басқа әндерін іздестіріп жүрмін. Негізі көп ән жазған ғой, жарыққа шығара алмай кетті. Артының қайырын берсін, топырағы торқа болсын дейік.

  2. Өлеңдері шынында да керемет екен. Қисық брат рахмет. Көзді аштың. Бұрын мықты бард әншісі екенін естуші едім. Иманды болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s