Өмірге деген құштарлық жайлы бір ауыз сөз

Жер бетін шаңдатып жүрген күндеріңнің санаулы екенін сезінген (түсінген емес сезінген, себебі, осы бір аса маңызды фактіні біліп, көріп жүрсек те мойындай бермейміз) сәттен бастап Сіз бен біз әр сағатымызды аялай бастайтын шығармыз…

Негізі, менің түсініксіз сөздермен жазылған, ыңырсыған, көлгірсіген,  тақырыбы көрген сәтте-ақ миыңды солқ еткізетін жазбалар жазғым келмейді…Бірақ…кейде тура келеді…себебі, үлкен Өкінішіме орай, адамның көзіне оттай басылып, “Оһ” дегізетін, “Мә, мынаның сілтемесін басқаларға да берейінші” деп әлеуметтік желілер арқылы таратылатын сөйлемдер туғызатын сөздер сөздік Қорымнан табылмай жатады.  Сондықтан өзімнің өлмелі күйімді осындай “сорлы тақырыптар” мен “сықсиған сөздер” арқылы беруіме тура келіп отыр.

Е, жалған-ай десеңші…

Содан не керек, үш күн бұрын Өрімталдың жазбасын оқып әжептеуір ойға шомдым. Негізі бұрын да санамның саңылауларынан сығалап жүретін бір мазасыз күй болатын, жаңағы жазба соны оятып жіберді. “Тумақ бар да, өлмек бар”, Құдайдың жаратқан процесіне қарсы тұра алмайсың, бақытқа белшеден батқан пенде болсаң да, күндердің күнінде сүйегіңнің ақсөңке болып қурап жататыны да жер кепіл. Жақын арада өле қоймасақ та, бақиға баратындардың саны тым көп, ертеңгі күні өлім тұрмақ өзгеге де қимайтын жақыныңды еске алып, жылап-сықтап тұрмаймын дегенге бер жағың “Өй, қой, жағың қарыссын, жамандық шақырма” дегеніңмен, ар жағың айтарлықтай қарсылық таныта қоймас… Өлім деген танатологияның  ( θάνατος — өлім, λόγος — ілім, грек.) зерттеп тауыса алмай жатқан құбылысы болғанымен, күнделікті өмірде жалпы адам санына шаққанды “былай” кездеседі емес пе…

Бүгін таңертең жұмысқа осы күйде келіп, Интернетті ақтарып отырып Аманат деген мүгедек жігіттің қажырлылығы мен өмірге деген құштарлығы, махаббатын тапқаны жайлы фотобаянды таптым. Керемет әсер етті. Айжаннұрдың сөзімен айтсақ “не деген қайраттылық! не деген махаббат!”…

Айтпақшы, жаңағы “состоянием” желге ұшты… Тек өзіме қажетті салмақты ойларды қалдырдым. Пышақтың екі жүзі болатыны сияқты, орта жолды ұстап, теңдікте жүру керек сияқты ғой, өзі…

11 thoughts on “Өмірге деген құштарлық жайлы бір ауыз сөз

  1. Өмірді қию мүмкін емес қой, бұған нағашым мен тәтемнің өлім аузында жатса да өмірмен қош айтысқылары келмегені дәлел мен үшін…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s