Ойға келген үш шумақ

Қара бұлттар қаумалаған жайып тастап қанатын…

Менімен сен жолыққан кез – торыққан кез болатын.

Сен жақыны сырт айналған, сыңары жоқ жалғыз ең…

Екеумізді кездестірді ертегідей қара түн…

Қара түнді қара Алматы иығына салғанда,

Көңілге өксік сыйламаған біздік арман – арман ба…

Сен жанында сүйеуі жоқ, сүйкімі жоқ жалғыз ең…

Біреуге ақ, біреуге дақ баянсыз бұл жалғанда.

 

Жаратқанға жылатпа деп өтінішті тастаған

Сендік ниет қу тұрмыстың кенерінен аспаған…

Сен сол кезде сыйлап кеткен, су татыған әсерім

Әлі күнге жүрек үні, мен үшін ол – асқақ ән…

 

 

 

34 thoughts on “Ойға келген үш шумақ

      • kop oilandym da, men sagan jengemin de, sen magan kuieu balasyn+kaiyn inimsin. kapec desenwi!! :DDD
        katty katty unady olenin. Abysynkam+sinlimnin pikiri de osyndai bolgan wygar au :DD

      • Ол ШЫмкентте өссе де, орыс мектебінде оқып, орысша университет бітірген, қазақша енді үйретіп жүрмін, жарты жыл көлемінде менің өлеңдерімді түсінетін дәрежеге жетеді деген үміттемін. ))))))))))))
        Туыстыққа келер болсақ…мда…шатырды кетіреді екен…))))))))

      • Сезім білдірудің өлеңнен де жоғары жолдары бар ғой. Сол болсын де…
        Ал оған ұнайтын шығар деген үміттемін…))))

      • oryswa nuskasyn jazsai :DD
        nemese tusindirip ber , kara olen bolady sonda :)))
        magan olennen artygy jok. sol jurgenskii, kutiiiiip, bir kuni akyn bop keter, a?🙂

  1. Pingback: Tweets that mention Ойға келген үш шумақ « ҚИСЫҚ блоГ -- Topsy.com
      • Құдайдың берген өмірін сүреміз ғой, Ханымым, шайтан емеспіз өлмейтін. Сізге Ханымым десем, ол ықылас-пейілімді танытқаным шығар, көңіліңізге ауыр тиіп жатса, кешірерсіз, Ханымым…

    • Себеп болса дастан жазып тастауға болар еді, Мейірбек. Бары осы болды. Ұйқасқа құрып, өндіріп жазғаннан гөрі, анда-мұнда жылт етіп өзі келген сөзді жазғанжы ұнатамын.
      Пікіріңе рахмет! Көңілім өсіп қалды!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s