Мына қызыққа қараңыз. Vol 5. Қалдықыз. Vol. 2

Уа, жарандар, жарандар,

Бұрылып бері қараңдар!

Өткенді шұқып, қозғаған

Мұнда бір күнәһар адам бар…

 

Әлқисса, қараша айының тоғызыншы жұлдызында  жазған жазбам Қытайдағы Foxconn фабрикасы жайлы болып еді. “Жайлы” дегенге танымдық материал демеңіздер, жай, әшейін, бір қызық сурет бергенмін. Бүгін сол туралы материал қарағам-ды.  Себебі, Қалдықыз басшы, басқамыз қосшы болып бұл фабрика неге  ғимараттарының айналасын тормен қоршап тастады деген сұраққа жауап іздеген болатынбыз сол кезде.

Сөйтсем…”бір сөзді бір сөз көтенінен түртіп шығарады” демекші, бұл атақты Apple компаниясының өнімдерін шығаратын фабрика екен. BBC News-тің хабарлауынша, жыл басынан жаздың ортасына дейін фабрикада он адам өз-өзіне қол жұмсаған. Тағы бір мәліметтер бойынша, қаңтар бен шілденің арасында 13 адам өмірлерімен ерікті түрде қош айтысқан. Оған себеп – жұмыс істеуге қажетті жағдайдың жоқтығы, жалақының аздығы, басшылықтың қаталдылығы болса керек.

Осыған байланысты басшылық төмендегідей торлар қоюға мәжбүр болыпты.

Жалпы фабрика туралы, фабрикадағы суицид туралы  материалды мына жерден, мына жерден, сосын мына жерден оқи аласыздар.

6 thoughts on “Мына қызыққа қараңыз. Vol 5. Қалдықыз. Vol. 2

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s