Соңғы сөз

Өлім аузында жатқан пенденің аузына қандай сөз түсерін Құдай біледі. Алласын ойлап әдемі кеткендер тірі жүргендерге үлгі болса, соңғы сөзі “Ақша” болған ақсақал болыпты дегенді де естігенмін.

Бұл жазбада бір топ үлкенді-кішілі атақ-шатағы бар адамдардың о дүниеге аттанар алдында айтқан соңғы сөздерін беріп отырмын.

“Тағы біреумен жауығып, дұшпан табатын жайым жоқ”.

Бақиға кетерінде пәлсапашы Вольтер шіркеу қызметкерінің шайтаннан бас тарт деп қойған талабына осылай жауап қайтарған көрінеді.  Себебі ол ұзақ жыл бойы шіркеудің қарсыласы болып келген. Кей мәліметтер бойынша, өлер алдында философ “Құдай үшін, тыныш қана өлуге мүмкіндік беріңдерші” деп айқайлапты. Осының кесірінен, Вольтердің достары оның денесін түн жамылып, жасырын көмген деседі.

“Тұсқағаз және мен ажал алаңында айқасудамыз. Біреуіміз жеңіліс таппай, берілмеспіз”.

Француз қонақүйінде өлім аузында жатқан Оскар Уайльд бөлмесіндегі тұсқағазбен өзінің жағдайын салыстырып осындай сөзді айтыпты. Кейін ол бөлме жазушының лондондық кабинеттерінің біріне ұқсатылып, қайта жасалынған.

“Соңғы жұтым беріңіздер, өтінемін”.

Tennessee Distillery-дің негізін қалаушы, Jack Daniel’s вискиінің иесі Джэк Дэниелдің соңғы сөзі. Алкогольді өнімнің бұл түрі – әлемдегі ең танымал градусты сусындардың бірі.

Джэк Дэниел саусағын жарақаттап алған, кейін келе осы жара оның өмірін алын тынған.  Жоғарыдағы сөзді білетіндер осымен байланыстырады.

“Пәлі, сонша жерден олар пілге де тигізе алмас” .

Джон Седжвик есімді американдық генерал өзінің солдаттарын осылай рухтандырмақ болған.  Айтқаны сол-ақ екен, сәл уақыттан кейін оқ тиіп, генерал о дүниеге аттанып кете барыпты.

“Ванна пердесін ваннаның ішінде қалдырыңдар”.

Атақты  Хилтон қонақүйлер желісінің иесі Конрад Н.Хилтоннан (Conrad N. Hilton) өлер алдында ақыл сұрағанда бала кезінде анасынан жиі еститін, жоғарыдағы кеңесті берген екен.

“Сен мені әрдайым түсінетінсің…Ал қазір дұрыс түсінбедің”.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (Georg Wilhelm Friedrich Hegel) бақиға аттанар алдында өзінің сүйікті оқушысына осылай деп айтқан көрінеді. Атақты пәлсапашы жер бетіндегі болып жатқан бүкіл құбылысты қисынмен түсіндіруге тырысты, оның артында осы тақырыпта жүздеген еңбегі қалды, бірақ жоғарыдағы сөздің тура мағынасын ешкім білмейді.

Тағы:

“Ал, мен ұйықтауға кеттім”. Джордж Байрон

“Академик Павловтың қолы бос емес. Ол өлгелі жатыр”. Павлов

“Өлу дегеніміз іш пыстырарлық дүние екен. Ешқашан бұлай жасамаңыздаршы!”. Сомерсет Моэм

Түпнұсқа

21 thoughts on “Соңғы сөз

  1. Біздің қазақтың бір туар азаматтары да өлместен (контрольный оқ тиместен) бұрын киллерге қарап “мені атқан сен екі дүниеде де, оңбайсың” деген шығар, кім біліпті.

    • ештеңеге таң қалуға болмайды. Өзін-өзі екі рет атып, сосын жерге жатып, жастық алып, басынан контрольный атқан адамдар да бар ғо…

      • солардың бәрі жан тапсырмастан санаулы секундтар бұрын блокнотқа жазып алуға тұрарлық жақсы сөздер айтқан болар, бірәқ қасында ол қанатты сөзді түсінетін көзі ашық көкірегі ояу қазақ болмаған болса керек🙂

  2. Литературдан берген мұғаліміміз “Пушкин өлер сәтінде кітап толы сөресіне қарап тұрып: Қош болыңдар, достарым! деген” деп жиі айтатын. Соның рас-өтірігін тексермедім. Әйтеуір аузымыздан жаман сөз шықпаса, игі.

    Анек айтып берейін. Бұрын айттым ғой деймін. Естігендерің үндемей тұра тұрыңдар. Общым түнде троллейбуспен қайтып келе жатқанмын. Қыс болатын. Алматыдағы Шаляпинаның бойында кетіп бара жатқанда троллейбусымызыдың алдынан бір жігіт атып шықты. Мен алдыңғы салонда едім. Ана жігіттің аузынан боғауыз сөз шықты да троллейбустың лобовойына жабысып, жерге дүңк етті. Шамасы жолды кесіп өтемін деп, үлгермей қалған ғой. Жүріп кетті ғой деймін. Ар жағынан у-шу болып, скорый шақырып т.с..с болып кетті. Бірақ ішіп алған байғұстың соңғы сөзін ойлағанда денең түршігеді… Бррр!

  3. Түнде Шешенстандағы соғыста тұтқынға түскен орыс солдаттарын қойша бауыздағаны туралы видео көрдім интернеттен. Сұмдық көрініс, лоқсып отырып әрең көрдім.Көріп-ап түнімен ұйықтамадым. Неге көргім келгенін өзім білмеймін. Сондағы бір солдаттың соңғы сөзі мама өлгім келмейді болды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s