Тәккапарлық? Менмендік? Бір ауыз сөз

Бір жиында таныстық. Қуандым. Көрген кезде. Сыртынан біліп, көріп жүретін едік. Танысайын дедім. Қолын алайын дедім. Жаспыз ғой. Қазіргіге қарағанда. Ол кезде. Бір шай ішуге шыққанда жанына бардым. Сәлем бердім. Алды. Бірақ қарамады. Сосын теріс бұрылып кетіп қалды. Даяшы деп ойлап қалды ма? Күтуші деп ойлап қалды ма? Әлде өзі сондай адам ба? Көңіл-күйі болмай отырған шығар. Бір нәрсе мазалап жүрген болар. Мүмкін, байқамай қалды. Мен ұнамай қалған шығармын. Болады ғой өзі. Сондай. Біреу біреуді итеріп тұрады. Жақтырмай қалады. Бопты дедім. 

Негізі осындай жағдай бірнеше рет өтті басымнан. Бірнеше адаммен. Салмақты аға ұрпақтың өкілдері. Ұлттың, жердің қамын жеп жүрген адамдар. Ел адамдары. Бірақ, жақын дистанцияда бір тәкаппарлық бар. Тәкаппарлық болғанда ақсүйектік тәкаппарлық емес, менмендік. Көзге ілмеушілік. Әрине, олардан шапан, атақ, ақша дәметпейсің. Жақсы ағаның алдын көрсем дейсің. Бірақ, өстіп кейде тауың шағылады. Өзі таңдаған салаға енді қадам басқан дебютант әулие көріп жүрген адамынан жаңағыдай әрекет көрген соң көңілі қалады. Жүрегі шайқалады. Елдің бәрі Иса Мәсіх емес, кек тұтуы да мүмкін. Әрине, оның “обидасы” өзіне, бірақ сондай-сондайдан адамдар арасындағы қарым-қатынас құралады. Олар топ арасындағы әңгімені туғызады. Ол әңгіме қоғамдағы пікірге әсер етеді. Жаман әсер етеді. Бықсиды.

“Көкке көтеретін де, жерге тығатын да бір ауыз сөз” дегенді естіп едім. Тек сөз ғана емес. Адамның саған қарағаны, ишаралары оның көзқарасын білдіреді.

Әлде мен ғана сондай “сезімталмын” ба, енессссс…

Пы.Сы. Жақында сол кісілердің біреуінің сұхбатын оқыдым. “Жастармен жұмыс істеу керек. Олар қазр қай бағытты таңдарын білмей жүр. Соларға қолдау білдіруіміз қажет” деп жатыр екен.

23 thoughts on “Тәккапарлық? Менмендік? Бір ауыз сөз

  1. Ұлық болсаң, кішік болды дейді ғой. Бірақ қайда бізге бабалар өсиетін тыңдап жату :)))) Біз онанда біреудің болса да алдында мықты екенімізді көрсетіп қалу.
    Мысалы, бір адам, өмірде өте қараппайым, ауылдың қара домалағы, енді жалпы айтқанда “ничего сверхвыдающегося из себя не представляет”, вот, сондай бір адамның өзінен сәл төмен тұрған адамға қарағанын көріп бір күліп алғам :)))
    Мақтанып қалмаса, мұрнымен көк тіремесе қазақ қазақ болмай қалады!
    не ғой, Қисық, көңіліңе алма. Адамды Алла сынайды ғой шенмен, атақпен, ақшамен, аурумен, бәрімен. Бастысы өзің сыннан аман өт, Жәннаттің төрінен көрісейік, инш🙂

  2. Алдыңғы буын осындай мінезден кейін еще…”жастарымыз ілтипатты емес” деп өкпе-наз айтады…пікір айтпас бұрын, алдымен бір сәт өздері неге ойланбайды екен

  3. менмендік болмауы да мүмкін:). Мысалы мені алғаш танысқан адамдар өзінше боп қалған біреу деп ойлайды көбіне:)). Ол менің өзімше болғаным емес, білмим, алғаш кездескен адаммен көбіне дистанция ұстап, артық нәрсе атйпай, көбіне сол адамды тыңдаймын:). Екінші ретте сен басқа екенсің ғой деп жататындар бар:)))). Алғаш кездескеннен кейін ұнамаған адамдармен сол күйінше дистанцияда араласа беремін:).

    • Ол көп адамға тән қасите сияқты ғой, Жанна. Мен де мысалы өзім сондаймын. Менің байқағаным, ол емес, ашық түрде көзге ілмеушілік. Болмаса, миығынан күліп, мырс етіп, жақтырмаушылық. Болмаса, бір ауыз сөз айтсаң, есі дұрыс жауаптың өзіне мұрынның астынан бір нәрсені мыңғыр еткізіп кете берушілік. Иек сөзінде ғана өзін-өзі ұстауында да білініп тұратыны жаман, өкінішке орай.

      • a men kerisinwe, jurgenim barimen amandasyp, maaaaz bop, tym awykpyn adamdarga, jana tanyskan bolsa da :))) osynyn ozi keide tipti kedergi eken adamga😀 ALLA bergen minez goi, tuk kyla almai koidym.

        Jaktyrmauwylyk degenin ras. Wynynda, sen kim edin menimen amandasatyndai dep tyrgandai tyrjigan turleri :DDD

  4. Ал мен қарапайым болсам да, кейде (кейде емес постоянны) сондай жаман менмендік болады (бар). Мысалы бір адам ұнамаса, жақтырмасам амандаспақ түгілі мойнымды бұрып та қарамаймын. Ол өзі қасыма келіп сәлемдесіп, жағдай сұраса да, ұзақ тұрмаса екен қасымда деп суық “діңк-діңк” еткізіп жауап қатамын. Бірәқ әлгі одан сайын жақындағыш болып кетеді, раздражает сондай, брррр!!!

  5. Танымай қалған кездер болады ғой әр адамда. Мысалы, біреу келіп қал-жағдайыңды жалпақтап сұрап жатса, ал сен оны танымасаң, жылы жауап беріп, кетіп қаласың ғой. Сол сияқты. Әркіммен бір шүйіркелесу де өзіңе көп зиян әкелетініне көзім жетіп жүр. Айналаңа сенімді адамдарды жинаған дұрыс па деймін…

  6. Жұмыста бір шал бар, қазақ аташка. Тым көп көңіл бөледі маған, немересі ретінде қарамайтынына сенімдімін. Соған амандаспай қасынан көзімді төмен түсіріп өте шықсам, артымнан жетіп келіп, сәлемдесіп, жағдайымды сұрап, қолымнан ұстап, жыныма тиіп тұрады.
    Кейде лифте бірге мінуге қорқамын уже :)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s