“Рапунцель: шым-шытырық оқиға” – Мерейтойлы мультфильм

Көңіл-күйіңіз болмай, күз әсер етіп жүр ме? Жігітіңізбен/қызыңызбен/досыңызбен/қасыңызбен/туысыңызбен/балаңызбен/әріптесіңізбен/…бен/…мен сөзге келіп, қабағыңыздан қар жауып жүр ме? Әлде бір романтикалық күйге не ностальгияға беріліп, қиялданып, жаңаша дүние іздеудесіз бе? Мүмкін жігітіңізбен/қызыңызбен/досыңызбен/қасыңызбен/туысыңызбен/балаңызбен/әріптесіңізбен/…бен/…мен қайда баруды білмей тұрған шығарсыз? Онда Сізге “Рапунцель: шым-шытырық оқиға” анимациялық шығармасы көмекке келеді. 

Мен ағайынды Гриммдердің Рапунцель туралы жазған шығармасын оқымаппын. Бірақ Уолтдиснейдің осы тақырыпқа түсірген мультфильмін көптен бері күтіп жүрдім. Жалпы, соңғы уақытта Айжаннан үйренген сөзіммен айтсам, эстетикалық ләззатты мультфильмдерден ғана алып жүрмін десем де болады. “Вверхты”, “9-ды” қарадым, ВАЛЛ-ИДі қызықтадым…

Рапунцельге оралсақ.

Бұл – Уолтдиснейдің осымен 50-ші, мерейтойлы толықметражды мульфильмі екен.  “Король-лев”, «Белоснежка и семь гномов», «Покахонтас», ВАЛЛ-И, Алладин сияқты туындылардың қатарында енді осы шығарма тең тұратынына сенімдімін.

Мультьфильм толығымен  Уолтдиснейдің стилінде: қызыл-жасыл көріністерге, табиғатқа бай, жоғарыдағы ВАЛЛИ-И, Вверх секілді кейіпкерлердің бет-әлпеті өте шебер салынған, қас-қабағынан-ақ қандай күйде екенін біліп отырасыз.

Мултьфильмнің қысқаша мазмұны:

Ерте-ерте-ертеде бір патша болыпты. Бұл дүниеден перзентсіз өтем бе деп жүргенде, әйеліның аяғы ауырлап, қуаныш сыйлайды. Алайда, жүктіліктің соңы белгісіз бір ауруға ұшырап, бүкіл патшалықтың зәре-құтын қашырады. Сол кезде күн нұрынан жаралған бір гүл туралы сөз шығып, елдің тайлы-тұяғы қалмай соны іздейді. Гүл табылып, ханым тірі қалады, дүниеге алтын шашты, әдемі, сары қыз келеді. Алайда, оның шашының адамды жасартатын қасиеті бар екенін білетін бір қара ниетті жалмауыз кемпір баланы ұрлап алып кетеді де, қалың орман, қара таудың арасындағы биік-биік мұнараға қамап тастайды. Туған әке-шешесінің кім екенін білмейтін Рапунцель (патшаның қызы) шашы жиырма метрден асатын хас сұлуға айналып, бой жетеді, жалмауыз кемпірді “өз анам” деп таниды. “Анасы” болса оны мұнарадан шығармауға тырысып, “сыртта сені тек жамандық пен зұлымдық күтіп тұр” деп сендіріп бағады. Бірақ…

Кедей отбасында өсіп, бар арманы бай болумен шектелетін, тілі ашты, түрі келісті,  көп дүниеге күдік-күмәнмен қарайтын Флин атты ұры алдымен патша әскерінен, кейін, өзін итпін деп санайтын патша әскербасының Максимус атты жылқысынан (бұл жылқы бөлек әңгіме, кинодағы ең қызықты кейіпкердің бірі, күлкілі сәттердің кем дегенде 30 пайызы соның еншісінде) қашып келе жатып, Рапунцельдің мұнарасына шығып кетеді.

Романтикалық сәт пен қым-қиғаш шытырман оқиғалар міне осы минуттан басталады…Рапунцель болашақ жарын бетінен табамен бір ұрып қарсы алады.

Білетіндер, Уолтдиснейдің киносы мен ағайынды Гримдердің шығармасының арасындағы ортақ дүние – тек бас кейіпкер, Рапунцель ғана дейді. Былайғы сюжеті толықтай дерлік өзгертілген.

Айта кетер тағы бір ерекшелік, “Рапунцельдің” өн бойында мюзикл элементтерінің кездесуі. Бұрынғы мултьфильмдердікі сияқты (мысалы, “Король лев”) есіңде қалмайды, бірақ, айтылған әндердің барлығы (жалмауыз кемпірдің әні, қарақшылардың әні, Рапунцельдің әні, қос ғашықтың әні) бірден үйіріп әкетеді. Орысша нұсқасында бас кейіпкерді Виктория Дайнеко (түпнұсқада Мэнди Мур) дыбыстапты, әнді де сол айтады. Викаға дәәәу “Бес!”.

Ең қатты әсер еткен сәт – патша мен ханымның және ел халқының жоғалған ханшаның құрметіне ұшатын шырақтарды (фонариктер) аспанға жіберетін тұсы. 3D эффектісі осы сәтте шын мәнінде өзін-өзі ақтайды. Керемет!

Кино еш алып-қосары жоқ, шын мәнінде барлық жастағы адамға арналған.

Мультфильмді үлкендер көре алады, себебі әдемі ертегі, көз қуантатын көріністер кімді де болса бей-жай қалдырмасы анық.

Мультфильмді жастар көре алады, себебі Рапунцель, Флин, Рапунцельдің хамеолоны Паскаль және жоғарыда айтқан Максимус кез болатын жағдайлар мен оқиғалар, олардың  өткір де тапқыр қалжыңдары көп адамға ұнайтынына сенімдімін.

Мульфильмді балалар көре алады, себебі қатігездік пен ауыр сценалардан ада туынды кішкентайлардың сүйіспеншілігін оятатынына күмәнім жоқ.

“Оскарға” лайық туындылардың қатарына ойланбай қосуға болады деймін.

Пы.Сы. Менің көңілімді көтерген қарақшылардың арасындағы бірде қыздың, бірақ көбінесе Амурдың рөлін ойнаған кішкентай шал болды.

Суреттер imdb.com және kino.kz сайттарынан алынды.

15 thoughts on ““Рапунцель: шым-шытырық оқиға” – Мерейтойлы мультфильм

  1. Janym sol, kuieu balawka! rahmet. erinbei barin jazgan ekensin, endi koru gana kaldy. songy kezi kuanywtan ba, alde bir apta boiy dietada otyrgannan ba, aiteuir basym ainalyp jur, tolykkandy jazba jazudyn ozi kiyn jumys sekildi. ozim jazbasam da, jurttikin (asiresin senikin) okyp, serigip kaldym🙂

      • мәәә өткен субботада бардым ғо🙂
        Өзімнің күлкім келгенін қоя берші, залда бір үлкен кісі отыр екен, оның дауыстан тарқылдап күлгенін естіген соң ващще өщтік ғо :)))
        Артымда отырған 5 бикеш каммент айтудан шаршамады, Максимусты ат емес ит екен деп қояды :)))
        Мультиктің соңында бір кішкентай бала киноға ертіп келген апасына “Бабушка спасибо” деп дауыстап айтты, бәрімізге де ұнады. Силуейдің қызыл залында 4 жастан, 70 жасқа дейінгілер отырдық ғо опшым, жас таңдамаймын мультик🙂
        Рапунцельдің бадырайған көздері менің көзіме ұқсайды екен :)))
        Сосын ше нағыз қазақтарға көретін мультик екен ше, бала күнімде папам шаш қидырмайтын ед, нағыз мені алдап шашты өсіргізетін айла екен :)))

      • муахахахахахахаха)))))
        Қалдықыз, мынауың жақсы әдіс екен, тым қызық, экранда емес, залда не болғанын айтып беру адамды елітеді екен:):):)

  2. Кисык, саган алдымен рахмет айткым кеп отыр, сен рекомендеген «Меня зовут -Кхан», «Мегамозг»-ты корiп тастадым. Ал, ендi мынау Рапунцельдi мен де кордiм, унады! Бiрак, сонгы кезде сен мультфильмтанушы болып бара ма деп коркамын… Абайлашы!🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s