Үш шумақ. Vol. 2

Тағы бір үш шумақ.

Құдайдың бізге бағы ма әлде соры ма, білмеймін, бұйырған…

Әйтеуір, сенімен әулекі ойлар есімді алған тыйылған…

Мүжіліп біткен көңілім әбден ақсөңке болған шағында

Келіп ең қандай құлақ естімеген, көрікті мекен, қиырдан…

 

Құдайдың бізге бағы ма әлде соры ма, білмеймін, сыйлаған…

Саған дейін де мен сағымға ұқсас сиықсыз ойлар жинағам…

Көзімнен кетсең көкірегімді қараңғы түнек жаныштап,

Жанымда болсаң саңылау таппай ниетіңнен мен қиналам.

 

Құдайдың бізге бағы ма әлде соры ма, білмеймін, арнаған…

Әйтеуір сенсіз жер менен көктің арасы айшылық тар маған.

Тағдырдың санап, сығымдап берген өмірінің шеңбері

Өзіңмен болған уақытта ерек күйге енетініне таңданам…

4 thoughts on “Үш шумақ. Vol. 2

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s