Тәуелсіздік жайлы бір ауыз сөз

Айдаһардан құтылудың жалғыз жолы – өзіңнің айдаһарыңды ұстау.

Евгений Шварц

 

Осы жазбаны қанша рет жазып, қанша рет өшірді екем…Қанша рет қайта бастадым десеңізші…

Негізі, сіз бен бізге күпсінуге мүмкіндік беріп отырған тәуелсіздік жайлы айтпағым біраз еді. Бірақ Бенджамин Дизраэлидің “Колонии не перестают быть колониями из-за того, что они обрели независимость” дейтін сөзін кезіктірген соң, толғанып, буырқанып, лапылдап отырып ештеңе жазғым келмей қалды.

Кемшіліктерді мойындап, оларға тік қарап, көлгірсімеу тек жеке тұлғаға ғана емес, мемлекетке де аса қажет қасиет. Тәуелсіздікті сезініп қана қою, оны еске алып, көзге жас келіп әнұран айту ақиқат еркіндікке қол жеткізу үшін жеткіліксіз болып отыр, себебі ең әуелі тәуелсіздікті түсіне білу қажет. Бауырмен, өкпемен, көзбен, құлақпен емес, мимен. Тәуелсіздік мемлекеттік БАҚ-ның, меморган мен бюджет қызметкерлерінің ғана мейрамы емес. Анығы тек қана мейрам емес. Өткен-кеткеніңді таразылап, сараптап, санамалайтын күн, ел болып ендігі жылға дейінгі есебіңді түгендейтін күн. Сондықтан бұл мерекені мал болып тойламаса да болады, ең бастысы рухани және елдік тәуелсіздіктің өзара үйлесімде болуы. Осыған жетейік.

Есі дұрыс ракурстан қарағанға азаттық күніне жететін күн жоқ. Мейлі ең соңғы болып КСРО-ның құрамынан шықсақ та. Мейлі тәуелсіздікті өзімізге өзіміз жарияласақ та. Ең болмағанда Алматының сыртындағы арықтарға көмілген, Желтоқсан оқиғасының белгісіз құрбандарынан ұялайық.

Тек шешем айтпақшы “Құдай түбін берсін әйтеуір”…

Тәуелсіздік құтты болсын, қазақтар! Мұңаймаңдар !

4 thoughts on “Тәуелсіздік жайлы бір ауыз сөз

  1. шыны керек бұл мейрам жұмыстан босап, үйде жататын, премия күтетін басқа мейрамдар сияқты жәй ғана демалыс күндерінің бірі. рахаттанып тойлайтындай күн емес. бұған себепті өзің де біліп отырсың және ана жоғарыда колониялар туралы жазылған сөз одан сайын адамды нетіп тастады дачы…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s