Тамақ жарнамасын қалай түсіреді немесе не көріп жүрміз өзі

Жарнама – адам өмірінің ажырамас құрамдас бөлігі. Осы сөйлем бірте-бірте ережеге айналып келе жатқан секілді.  Алайда Сіз бен біз жарнамадан не көріп жүрміз? Әдетте жарнамадағы өнім мен қораптағы өнімнің бір-біріне ұқсай бермейтініне көз жеткізіп жүр емеспіз бе… 

Төменде тамақ өнімдерінің жарнамалары қалай жасалынатыны жайында біраз жазылған.

Балмұздақ: Жарнамаға шын балмұздақты ешқашан түсірмейді, себебі ол софиттың астында еріп кетеді. Балмұздақ ретінде пластик, силикон немесе гельден жасалған массаны пайдаланады. Массаға керекті түс, фактура, борпылдақ, бұдырлы қасиеттер беріп, оны домалақ формаға келтіреді.

Не бір шеті сынып қалған, не түсі бірыңғай емес вафлядан жасалған орама да жарнама жасаушыларға біршама қиындық туғызады, сондықтан оны жамап, сылап қолдан жасауға тура келеді. Ал балмұздақтан тосап не бал ағып кетпес үшін, оның үстіне полиэтиленнің жұқа қабатын жүргізіп жібереді.

Сыра: Сыраны көп жағдайда фотосуретке түсіруден гөрі, жарнамалық роликке түсіруге тырысады. Екі жағдайда да сыраның көбігін кір жуатын ұнтақтан не шаруашылыққа қажетті заттардан жасайды, ол үшін оны көпіртіп алады. Ал шын сыраның орнына ыдысқа (бокалға) шай немесе шырынды сусын құйып түсіреді.

Сорпа: Пакетегі сорпаның жарнамасы үшін шын сорпаны дайындайды. Алайда, егер оны құр тәрелкеге құйып, суретке түсірсе, жарнаманың еш әсері болмас еді, себебі сорпаның барлық ингредиенттері батып кетеді де, қызылды-жасылды бар дүниесі көрінбей қалады. Осы себепті тәрелкенің түбіне мөлдір желенің қабатын салады, оның үстіне сорпа не кәдімгі су құйып, одан кейін еппен орамжапырақ (қырыққабат, капуста), қызартып пісірілген ет, саңырауқұлақ, көкөніс орналастырады. Мұндай жарнама үшін ең маңыздысы – дәрумендерге керемет бай сорпаның түрін көрсету.

Тауық: Тауықтың аяғы жарнама суретінде қуырылған да, асылған да болып көрінбеуі керек. Сондай-ақ шикі де болмауы қажет, сатып алушы оны дайындап жатпайтынын, тек қыздырып жіберудің жеткілікті екенін бірден түсінуі керек. Алайда, мұндай эффект жасау оңай емес. Себебі, тауықтың аяғын қуырса, онда ол жиырылып, қарайып кетеді, ал бір жағы жалпайып қалады. Сондықтан, аяқты құрылысқа арналған фенмен кептіріп, аздап қуырып алады, бұл етті деформацияға ұшыратпайды. Тауық алтын түстес нағыз қажет сипатқа ие болады.

Котлет: Котлетті шашқа арналған лакпен өңдейді. Бұл еттің жалтырап тұруы үшін керек. Ал котлетті қуыратын болса, онда май 5 минуттың ішінде сіңіп кететін еді.

Кеспе: Өнім жас, уылжыған түрге ие болуы үшін, оны термоөңдеуден барынша аз өткізуге тырысады. Кеспені 2-3 минуттан артық қайнатпайды, себебі одан артық қайнатса, кеспенің наны жібіп, тез үзілгіш болып кетеді. Мұндай қасиетке, әсіресе, жақын шетелдердің өнімдері ие, сондықтан, мысалы, ресейлік жарнамалардың өзіне импорттық кеспелерді түсіреді.

Тұшпара: Тұшпара – кез-келген фуд-стилист үшін бас ауру. Оларды қолдан түйеді, ішіне ет салмайды, себебі ет қарайып, көрініп қалады. Жарнамадағы тұшпара тек қамыр мен тұздан тұрады. Тәбет аштыру үшін оны аздап қызартып, дымқылдап жіберуге болады. Қаймақтың орнына ПВА желімін түсіреді, себебі ол қою, ауыр және баяу ағады, ал бұл жарнама үшін таптырмайтын қасиет. Осы желімді сүт жарнамасын түсіруде де қолдануға болады.

Соус: Соусты тамақ бояғыштармен бояйды. Алайда бояуды соусқа бірден қосуға болмайды, себебі ондай жағдайда соус жиырылып, кесек-кесек болып қалар еді. Сондықтан алдымен бояғышты спиртпен араластырып, одан кейін барып соусқа қосады. Егер қоспа тым сұйық болып кетсе, соустың негізі ретінде желатинді қолданса болады.

Ботқа (каша): Желатин жарнама үшін өте ыңғайлы, әмбебап дүние, оны пюре мен ботқаға қоюландыру мақсатында қосады, әрі осы желатиннің арқасында әдемі өрнектер жасауға да болады. Қоюландырушы ретінде, сонымен қатар, ұн мен крахмалды да пайдаланады.

Ет: етті суретке түсірер алдында, оны аздап қана қызарту үшін қуырып алады. Көп жағдайда қой етінің орнына сиыр еті жүреді, себебі оларды бір қарағанда ажырату қиын. Етті сояның соусымен бояуға болады, ал кейбір фуд-стилистер мұндай соустың орнына йод, мазут не солидол қолданғанды жөн көреді.

Шұжық (сосиска): сосиска мен сарделькаларды шикі қылып түсіреді не құрылыс фенімен аздап кептіріп алады. Ал көкөністі жарнамада ескіртпей бірден түсіруге тырысады.

Лазанья: Лазаньяны түсіру – ең азапты жұмыс. Ингредиенттерді еппен бір-бірлеп қалап шығу қажет, сыртқа шығып қалған жерлерін қайтып ішіне тығу керек, сосын оны әдемілеп, төртбұрыштап кесіп, кесілген жерін бірден түсіріп алу қажет, себебі шамалы кешіксе лазаньяның қабаттары салбырап, әдемі көрінбей қалады. Бұл өте ұзақ, қиын процесс.

Түпнұсқа.

9 thoughts on “Тамақ жарнамасын қалай түсіреді немесе не көріп жүрміз өзі

  1. men bir kino korgem, bas keipker eki kyzdyn bireui osy tamak jarnamasyn suretke tusiretin adam bolady. Ol suretterdi oz uiinde jasap jatady, kew bolatyn, dal sol satte uige ekinwi kyz keledi de stol ustindegi balmuzdakty korip kasykpen alyp kalady, auzyna aparsa kadimgi kartpo ezbesi (pure) bolyp shygady :))) sonda suretwi kyz nayz balmuzdak surette ademi wykpaidy, erip, mawakaty kop dep tusindiredi, al kartpo ezbesin kai tuske boyasan da sol boyaudy sinirip alatyn keremet kasieti bar dep tusindiredi. Buryyyyyyyyyyyn korgem, ali esimde kalypty :)))

  2. негізі лазаньяны суытып алып түсіру керек. Сонда ғана әдемілеп туралатын болады.

    Сосын жеке практикамнан тағы бір кеңес: мұздай шырынды суретке түсіру үшін (мақсат – шырынның мұздай екендігін көрсету), қолданатын стаканды морозильникке 20 минутқа қойып қою керек. Мұздаған стакан жылы бөлменің температурасымен сәл “еріп” тұрады да, шырынның “мұздай” екенін жақсы көрсетеді. білмейм, түсіндіре алдым ба..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s