Мұңды күлкінің Төресі

Мысль о смерти более жестока, чем сама смерть.

Боэций

БАҚ біткен Құдайберген Сұлтанбаевтың жексенбі күні қайтыс болғаны жайында жазып жатыр. Аяқ астынан. Пайғамбар жасынан 64-ке қараған шағында қазақ әзіл-сықақ театрының қара нары жүрек талмасынан бақиға аттаныпты. 

“Жақсы көрген пендесін Құдай қинамай алады” деп отырушы еді осындайда үлкендер.  Кім біледі. Рас та шығар.

Құдайберген Сұлтанбаевтың бейнесі маған бала кезден ыстық та ерекше жақын. Ол кішкене кезімде қырылдап-сырылдаған кеңестік “Рекорд-340” дейтін телевизордан көрген “Тамашаларымызбен” байланысты ма екен, білмедім… Әйтеуір ауық-ауық осы Ағаның бейнесін көріп қалғанымда басқа ешбір сахна сипарға сезінбейтін  ерекше құрметті өзімнен байқаушы едім.

Жақында “Ғашық жүректегі” балгер әйелдің рөліндегі кейпіне ерекше сүйсініп, мәз болып қайтып едім… Осындай актерлар тұрғанда қазақ сатирасының мұрты бұзылмайтындай болушы еді… Енді, міне…

Қазақтың әзіл-сықақ театрларының әртістері көбінесе бір типті болып келеді.  Газет-журналда болсын, Республика сарайының сахнасында болсын, бір ауылға гастрольдеп барғандағы алаңқайда болсын түр-келбеті, сиық-сымағы, пошымы бір-бірінен аумай қалған секілді болады да тұрады маған. Сол бір ырқ-ырқ күлкі, әлем-жәлем кейіпкерлер…

Ал Құдайберген ағаның жөні бөлек еді…Тым бөлек еді…Әзілдерінен мен бір мұң көруші едім…Күлетінмін, бірақ, күлкім қайғылы бір тұманға оранып кете беруші еді… Езу тартатынмын, бірақ, оным жылаған адамның кейпіне ұқсап қалушы еді…

Жаныңыз жаннатта болсын, мұңды күлкінің Төресі…

4 thoughts on “Мұңды күлкінің Төресі

  1. Бұл кісінің рөлдерінің ішіндегі ең жақсы көретін рөлім “Алпамыс мектепке барадыдағы” қуғынбай мұғалім заменитель :)))
    МГУ деген не? деген сұрақ асобенны :)))
    Иманы салауатты болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s