Қайран да, қайран, Сатекем…

Тудырған Дәруішөлген таулы-белді

Кім білмес Сатыбалдыдай саналы ерді,

Көз алдынан кетсе де, есте қалған

Сатыбалдыны аңыз ғып санайды елі.

 

Артында мұра болып қалған әні

Сатекеңе кімдер өлең арнамады!?

Мен-дағы солардың бірі едім-ау

Сөз айтар теріп қана таңдамалы .

 

Сол сөзімді тудырған халық ұлы

Толағай ер, торықса жаны мұңды.

Өмірге нәр болатын сенімімді

Сатекең бұла күшпен алып ұрды.

 

Көріп еді бұрын мұндай қай кеңкелес?!

Аппақ үміт енді кір, күл-күйелеш…

Елді аузына қаратқан, қайран Ерім

Жезөкшелерді жарнамалап жүргені нес!

 

Кей әрпі ауысқанмен есімінің

Өзгермес шын бейнесі кескінінің.

Жанынан арын биік қояр қазақ,

Айтшы, қане, абырой несі мұның!?

 

Қайран да, Дәруішөлген, жыла енді

Сенімің сол бір  сабаз ұланда еді…

Арыстандай айбатты ер Сатекем,

Түлкідей құйрық қаққан бұлаңға енді…

 

Бұл сөзіммен, ағайын, таласар кім?

Спам-ай, сен үшін мен аласардым!!!

Дәруішөлген беделіне жылдап жиған…

Қап-қара күйені әкеп жаға салдың…

 

Өмір сол бірде олай, бірде былай…

Басқа амандық бере гөр, уа, Құдай-ай!

Дәруішөлген, біз аман сен аманда,

Әйтеуір, таусылмасын газ бен мұнай…

 

9 thoughts on “Қайран да, қайран, Сатекем…

  1. Дәруішөлгенді Сатыбалдыдан бөліп қарастыру миыма симайды екен. Қанша адам дәруішсымақ болғанымен, шын дәруіш Сатыбалды ғой. Ондағы заңды да, философияны да дұрысы мен бұрысын принциптерін Дон Сотвальдо өзі қояды. Сондықтан қиялға тым қатты беріле бермеңдер. Сатыбалды деген Дәруішөлген, және керісінше. Қалғаны ұлыған әңгіме.

    • Жекелеген сөйлемдерді де түсінсем де, жалпы пікірдің мақсатын түсінбедім, Гасеке. Егер өзіңде Сатыбалды жайлы бұзылмас ережелердің бірін жаза кетейін деген ниет болса, онда толықтай келісемін, Дәруішөлген жан-тәнімен (с потрохами) Сатыбалдынікі, оған ешкімнің таласы жоқ шығар. Ал енді менің жазбамнан әлдеқандай “дәруішсымақ болған” ой байқасаң, онда амал жоқ, басымды шайқаймын, себебі, Сатыбалдының шаужайына жармасатын кейіпті өзімнен көрмей тұрмын: ол – ол, мен – мен. Бұл жердегі біздің берілген күйбең “қиялымыз” жоғарыдағы сурет тудырған бір топ шумақтан аса қоймайды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s