“Кішкентай Факерлар” – төменнен жоғары, жоғарыдан төмен

Түпнұсқада “Кішкентай Факерлер” (Little Fockers) деп аталған, ал біздің кинотеатрларда “Факерлермен танысу – 2” деп берілген отбасылық комедияны сиквелдің алғашқы бөлімдерін көрген адам асыға болсын, немқұрайды болсын күтті деп шешім шығаруға болатын шығар.

Себебі, сонау 2000 жылы шыққан, жүз адамның тоқсан бесіне ұнайтын актер Роберт де Ниро және қатыңқы қабағымен-ақ елді күлдіріп жүретін Бен Стиллер ойнайтын “Ата-анамен танысу” (Meet the Parents) кинокомедиясы өз тұсында нағыз “жарылыс” жасады, өйткені киноның сюжеті, көтеріп отырған мәселесі көп адамның көріп жүрген, басынан өткізген жағдайына қатысты еді. Қайын атасының сынынан өткен, не өткелі жүрген күйеубалалар Грег (Гей) Факердің адам аяйтын күйін ерекше ықылыспен тамашалап отырғанын көзіміз көрді, әлі де көріп жүр (бұл сөйлем маған да қатысты:)). Кейін 2004 жылы “Факерлермен танысу” (Meet the Fockers) шыққан кезде режиссер Джей Роуч комедиясының фанаттары қуаныштын тіпті де өліп қала жаздады. Өйтетіндеріндей де бар, себебі күйеубала Грег (Бен Стиллер) қалыңдығы Пэмді (Тери Поло), болашақ қайынатасы Джек Бернз (Роберт де Ниро) бен енесі Дина Бернзді (Блайт Даннер) өзі әке-шешесімен таныстыруға үйіне алып келгені жайлы жаңа отбасылық кино шын мәнінде көрермендерге жайдары көңіл мен қарқ-қарқ күлкі сыйлай алды. Бірінен-бірі өтетін, таптаурын болған комедиялық трюктерден ада, кемшілігі аз, күлкісі мол бұл екі фильмді біраз отбасының видеотекасынан көрген едім.

Содан не керек, 2011 жылдың қарсаңында, Джей Роучтан режисерлік тізгінді өз қолына алған, атақты “Американдық пирог” комедиясын түсірген Пол Уайтц “Кішкентай Факерлар” немесе “Факерлармен таныстық – 2” кинокомедиясын көрерменнің назарына ұсынды. Жоғарыда аты аталған төрт актердан бөлек Дастин Хофман (Грегтің әкесі – Бэрни Факер), Барбара Стрейзанд (Грегтің шешесі – Роз Факер), Джэссика Альба (бұрынғы медсестра – Энди Гарсия), Оуэн Уилсон (Грегтің әйелі Пэмнің бұрынғы жігіті) секілді дүрілдеп тұрған құрам комедиямен аз да болса таныс жанның қызығушылығын оятқаны сөзсіз. Сонымен киноның қысқаша мазмұны:

Қайынатасы Джэк қойған сансыз тосқауылдар мен сындардан өткен Грег (құжат бойынша аты Гей) Факер он жыл ішінде екі балалы болса да әйелінің әкесінің оң ықпалына ие бола алмады. Алайда, жүрек талмасы ұстаған Джэк өзіне мұрагер қалдыруды ойлап, Грегке “Өкіл Факер” болуды ұсынады. Грег қуана келіседі. Алайда балаларын қымбат мектепке беріп, ақша тапшылығын сезініп қалған ол бұрын медбике болып істеген фармацевт Энди Гарсияның (Джэссика Альба) бизнес ұсынысына келіседі, алайда онысын намыстанып қонаққа келіп жатқан қайынжұртынан жасырады. Күйеубаласының кейбір қадамдарынан күдіктенген Джэк қызымның көзіне шөп салып жүр ме Грегті, кейін Эндиді аңдиды. Ақырында қайыната мен күйеубала Грег пен Пэмнің егіз баласының туған күніне орай жасалынған мерекеде төбелесіп, соңында татуласып тынады.

Міне,  бары осы. Әсілі, комедияның ерекшелігі де сол емес пе, ол ұзын-сонар хикаясымен не мазмұндылығмен емес, күлкілі сәттерімен маңызды. Ал, бірақ сол күлкілі кадрлерге келгенде “Кішкентай Факерлер” аздап ұялтады, енді. Шамасы, режиссер Пол Уайтц “Американдық пирогты” түсірген кезін еске алса керек, кинода көз бен құлақты қызартатын сәттер біраз бар. Яғни, алдыңғы екі бөлім сияқты нағыз отбасылық кино деп айтуға онша келмейді. Режиссердің басқа адам екені бірден көзге ұрады. Нәтижесінде кешті көңілді өткізу үшін қарайтын ортаңқолдау комедия шыққан.

Түсіру командасының міндеті жаңалыққа толы емес, адамды езу тартыратын кино жасау болған сияқты. Себебі, айтарлықтай жалт еткен жаңашылдықты өз басым көрмедім, ал  айтылған қалжыңдар мен күлкі тудыратын іс-әрекеттердің көбі бұрынғы алдыңғы екі бөліммен байланысты, не солардан алынған. Грегтің Джэктің гениталиясына укол жасайтын және оны Грегтің ұлы көріп қоятын жері біршама күлкілі. Кейбір қалжыңдарды отбасылы емес адамдар онша жете түсінбеуі мүмкін, себебі олар шын мәнінде семьялық ситауцияларға ғанатән дүниелер.

Атақты “Өкіл әке” (The God father) киносына қызықты пародия жасаған. Дарынды балаларға арналған мектепке қабылдау емтиханы өте күлкілі түсірілген: Грегтің егіз балалары езуіңізді екі жаққа тартып қояды.

Жалпы киноны бұрынғы ЦРУ қызметкерінің рөліндегі қайыната Роберт де Нир (суық қабақты әке, принциптен таймайтын адамның рөлін керемет күлкілі сомдайды), медбрат (қазақша қалай еді?), жаңғалақ күйеубала рөліндегі Бен Стиллер (қайда барса да бесінші “төшкісіне” хикая тауып алып жүреді. Әсіресе қайынатасының алдында), экранда көп көрінбесе де, ұлын қайталанбас стилде тәрбиелеп өсірген, еркектік климакспен күресуші Дастин Хофман (Альба екеуінің фламенко билейтін жеріне екі күн күліп жүрдім…әлі күлемін) алып шықты. Ал қалған кейіпкерлер (кей жерінде өкінішке орай) қосымша әрлеуші, түрлендіруші құралдар секілді болып қалған.

Кей жерінде бірсәттік іш пысуды сезінгендей болып қаласыз.  Кемшіліктердің бар екені сөзсіз және олар, менің ойымша, ең бірінші режиссердің кінәсі. Алайда жалпы фильмнен алатын әсер ондай-ондай кемшіліктерді жоққа шығарып жібереді. Егер алдыңғы екі бөлім болмаса, бұл кино тіпті де қызықсыз болар ма еді, кім білсін. Бірақ, дәл осы қалпында артықшылығы да көп, кемшілігі де жетерлік,  отбасылық комедияның эталоны болған “Ата-анамен танысу” және “Факерлермен танысу” фильмдеріне толықтырушы компонент ретінде көпшіліктің көңілінде қалған кино болып саналары сөзсіз.

Қыстың суық кешінде, жылы үйде, балалардан таса жерде, у-шу болып достарыңызбен немесе екеуден-екеу сүйіктіңізбен отырып көруге таптырмас шығарма.

Сурет мына жерден алынды.

P.S. Ең қызықты сәттердің бірі, кино бітіп, титрлар шығып жатқан кезде көрсетілетін Джэк Бернзге  қатысты ремикс-трэкті де бере кетейін деп шештім.

9 thoughts on ““Кішкентай Факерлар” – төменнен жоғары, жоғарыдан төмен

  1. Келісем, фильмнің кей жерлері іш пыстырарлық болғанмен сәтті шыққан. 24-ші желтоқсанда премьерасы шықты дегенде аттандап барып көріп қайтқанбыз…ұнады:-)

  2. a biz adei barmadyk😀 men vawe sondai kino kore almaim )))
    ekinwi bolimi de `semeinyi` emes koi sonwama, a uwinwisi vawe ekenin birden tusinikti boldy.
    Sosyn nege Fockerlerdi Fuckerker dep aitady eken dep uzak oilandym.😀

    • ваще болғанда сондай бір ваще емес енді…бір көргенге болады, орташа комедия. Орташа болғанда мыжыған комедия емес, қызықты сәттері де жетеді.
      Келісемін, екінші бөлімі біріншісінен кейін ондай қызық болып көрінбейді, алайда ол да белгілі бір дәрежеде күлкілі, жап-жақсы дүние.
      Ал фамилияға келетін болсақ, енді…Факерлер деген фамилия тіпті адам сенгісіз болған соң, ФОКЕРЛЕР деген өмірде кездесетін фамилияны алған-ау.
      Пікіріңе рахмет, әдемі қыз:)

      • менімше, просто орыстар солай аудара салған. Болмаса АҚШта фокерлер боп жүр ғой прокатта. )))
        Әдемі үшін көп рахмет.

  3. мен әлі “Ғажық жүректі” көрген жоқпын. Сеннен ұят болды ғой. Өзімді сабаққа дайындалмай келген оқушы сияқты сезініп отырмын. Бірақ, Қисық келмей қалған кездесуде блогшылар жиналып, 3D-да “Тронды” көрдік. Рас!

  4. Әй, бірақ осы комедияны көруге сәпсем құлық жоқ. Де Нироны драма мен криминалдан басқа кейіпте көргім келмейді, шыны керек… өз басым биылғы жылды “Турист” пен “Гулливердің” саяхатын көрдім. Ревюді қазір жасаймын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s