Үш шумақ

Тағы бір үш шумақ…

 

Сәулем деп сені сағынайын, еркем, шөлімді басар бұлақ бол,

Сен тұрғанда неге қамығайын мен, жабығайын мен, жұбанбай…

Күнәһар көз бен жүректің арасы баяғыдан-ақ ұзақ жол…

Кетпесем болды осы бір сезім ережесін мен ұға алмай.

 

Мөлдірім деп сені іздейін, еркем, мінезіңді көркем қадірлеп,

Мөлтілдеп жасың, жанарың жұмбақ жұлмалап жіберді жанымды…

Суалған гүлге имани жүзің қоятын мәңгі жан үрлеп

Алып та қойды-ау ертеңгі күнге қалдырып қойған барымды.

 

Баяндым деп сені бауырыма бассам, бақытыңды бердің, жұпарым…

Бұл өмір, құрғыр, бітпейтұғын, бас-аяғы жоқ санамақ…

Қайыспас қара көңілді едім, саған келгенде жұқардым…

Күндерім өткен қайта оралса-дағы біздік жүрек сізді таңдамақ…

One thought on “Үш шумақ

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s