2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)

Мен оқыған дерек көзіне сенсек бұл тірі жан иелері 2010 жылы ашылыпты. Өзіме қызық болған соң, Сіздермен де бөлісе кетейін дедім.   Тек әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.

Сонымен:

1. Tyrannobdella rex сүлігі, Амазония өзендерінде кездеседі. Бұл жәндік өзі кішкентай болса да (ұзындығы небәрі 7 см), ірі, үлкен тістерге ие, сондықтан оған планетадағы ең жыртқыш динозавр тираннозаврдың атауына ұқсас ат берілді.

2. Қарақошқыл қызғылт түсті сегізаяқ. Осьминогтың бұл түрі бұрын ғылымға белгісіз  болып келген, оны Канаданың Атлант мұхиты шайып жатқан жағалаулары тұсында айтарлықтай тереңдікке түсіп, зерттеу жүргізген экспедиция тапты.

3. “Түтікмұрынды” жарғанат. “Йода” деген лақап аты бар. Жаңа Гвинея аралында өмір сүреді.  Бұл жануардың ашылғаны жайлы ғалымдар 2010 жылдың қазанында мәлімдеді, алайда ол 2009 жылы табылған болатын.

4. Ұлу-“ниндзя”, Борнео аралының  тауларында өмір сүреді. Бұл жәндіктің денесі басынан үш есе ұзын. Сонымен қатар, ұлу-“ниндзя” көбею кезінде ерекше іс-әрекеттерге барады: ұрғашысы мен еркегі бір-бірін гормональді “оқтармен” атқылайды. “Ниндзя” деген лақап осыдан шығып отыр.

5. “Танауы жоғары қараған” маймыл. 2010 жылдың қазанында зерттеушілер Мьянмадан белгісіз маймылдар түрін табады. Олардың танауларының таңқы болғандығы сонша, жаңбыр жауса маймылдар жаппай түшкіре бастайды екен, себебі мұрын қуысына су кіріп кете беретін көрінеді.

6.  Ағаш жейтін жайынның (лақа деуші ме еді тағы) түрі. 2010 жылдың күзінде ашылған, Амазонияда өмір сүреді. Жайынның тістері өзіне ыңғайлы орналасқан, соның арқасында ол суға түскен ағаштарды сырып, сүргіштеп жейді. Ағашты қорыту арқылы ол ағзасына қажетті органикалық заттарды алады.

7. «Симпсон»құрбақасы – Колумбияда өмір сүреді, өткен жылдың қыркүйегінде ашылды. Атауын ерекше, өте ұзын және үшкір мұрны үшін алды,  ол биологтарға “Симпсондар” мультсериалындағы Бернстың мұрнын еске түсіріпті.

8. Партогенез (жыныссыз көбею, ағза өз-өзін клондайды) арқылы көбейетін кесірткелер Вьетнамда кездейсоқ табылған. Вьетнамдық ресторандардың көпшілігінің мәзірінде бұл жануардың еті бола тұра, ғалымдар бұрын оны байқамаған екен. Аталған кесірткенің тек әйел жынысындағылары кездеседі, олар өздерін-өздері клондау арқылы көбейеді.

9. Басаяқты сақина тәріздес құрт – ұзындығы 10 см болатын өзгеше теңіз тұрғыны. Сулавеси теңізінде (Калимантан, Сулавеси және Филиппин аралдарының арасында орналасқан), 3 шақырым тереңдікте қолға түскен бұл жәндік ғалымдарды қатты таң қалдырыпты.

10. Күлгін түсті күрек-балық. Бұл балық түрінің аяқшалары бар, соның арқасында ол жүзе де алады, жүре де алады. Тасмания аралдарының маңына аттанған экспедиция күрек-балықтың 4-еуін көрген.

Пы.Сы. Бұл жәндіктер бұрыннан бар ма екен, әлде эволюция нәтижесінде шықты ма екен?

Түпнұсқа.

15 thoughts on “2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)

  1. Қызық жазба екен. Кім біледі дүниенің түпкір-түпкірінде әлі талай жануар өріп жүрген шығар. Өз басым Байкал көлінің бір шақырымнан астам тереңдігінде не бар екенін білгім келеді. Қалай болғанда да тұщы сулы көл ғой.

    • Қисық бауырым, “Өзiм (саусағың ба(?), әй, бәрібір емеспа!) қисық болсамда, ниетім түзу” деген едің, ендеше құрдымға кетседе оқулығымыздан кетпей жүрген Дарвин іліміне оң қабақ танытқандай әДарвиннің ғылымы, бәрі де мүмкін” деп күмілжуіңе “жол болсын”! “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” деп Абай атаң айтпақшы Дарвиннің сөзінен гөрі Алланың сөзі Құранды алға қойғаның дұрыс болар еді! Иншаллаһ, сол кезде “Мүмин болсаң алдымен иманды бол, имандыға Алла өзі ашады жол” деп екі өмірдің бақытына аяқ басасың!

      • Пікіріңізге рахмет айта отырып, өзімді ақтап алмасам болмай тұр, ағасы. Егер исламның ғылымды жоғары тұтып, үлкен мән беретінін ескерсек, Сіз маған эволюция мен Дарвиннің эволюция туралы ілімін шатастырып, бас салғаныңызға не жорық!!? Ақыл-кеңесіңізге рахмет, әрине, алайда, бір діндегі бауырлар екенбіз ғой, алған ақпаратыммен бөлісе кетсем, мұның артық деп еріңізді бауырыңызға алып туламассыз. Эволюция, Сіз түсінгендей, тек Дарвиннің эволюция туралы теориясынан ғана тұрмайды, ол жалпы тірі ағзалардың өзгеріске ұшырауына қатысты айтылады. Менің мегзегенім, қазіргі айналадағы қоршаған ортаның ластануынан кейбір жануар-жәндіктердің мутацияға ұшырауы, өзгеріске келуі еді. Бұл да белгілі бір дәрежеде эволюция, яғни тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі. Бірақ, мұның Дарвинге еш қатысы жоқ! Сондықтан, жоқ жерден мені кекетіп сөз тастағаныңызға әлей болсын! Құранның “оқы” деп аударылатынын ескерсек, біреуге қарап сын садағын кезерден бұрын, сол айтылар нәрсеге байланысты білім қорын кеңейтіп алу мұсылмандыққа қарсы емес шығар…
        Пы.сы. Ислам шындық пен ақиқаттың діні ғой, осы себепті мен “күмілжіді” деп көрмеген нәрсеңізді айтпағаныңыз дұрыс.
        Ал Алла мен иман туралы айтқандарыңызға, Алла разы болсын!
        Пы.Сы.Сы. Ал егер Сіз менің Судан шыққан пингвиннің пікіріне берген жауабымды меңзеп отырға болсаңыз, онда…не дейін, істің ақ-қарасын, менің нақты ойымды білмей тұрып бас салған Өзіңіз бір шешімге келерсіз. “Даулы мәселенің” даулы екенін мәселе екенін осы екі пікір-ақ (басқа сайатардағы пікірлер соғысын айтпағанда) көрсетіп тұр емес пе. Бірақ, ол мен Дарвин теориясына сенеді сөз емес әсте. Бәрі де мүмкін екені рас, себебі бәрі де бір Құдайдың қолында.

  2. Қисық бауыр, мен, иншаллаһ, мамандығым археологпын, сен тузеткендей эволюциядан сауаты аздау адамдар қатарынан емеспін деп ойлаймын…Сенің айтып отырғаның нео-эволюция деп аталатын сол бұрынғы дарвиншіл-эволюционистердің ойлап тапқан кезекті бір нео-теориясы. Яғни ағзаның, өзің айтқандай, қоршаған орта әсерімен (радиация, вирус және т.б.) мутацияға ұшырауы, “өзгеруі”. Бірақ ол “өзгеріс” ешқашан жаңа түрдің пайда болуына әкемейді, тек сол бар түрді құбыжыққа айналдырумен (уродование, мутировать), өмір сүруге деген мүмкіндігін керісінше шектеп, тұқымын құртумен шетелетін құбылыс. Судан шыққан пингвиннің айтқаны тәп-тәуір дұрыс пікір еді, ал сенің жауабың бір-түрлі түсініксіз шыққан…кмілжіді дегенім сол түсініксіз жауап дегенім ғой, көңіліңе тисем – ренжіме.Мұны тек мен ғана байқамаған болармын, иншаллаһ.

  3. Туу , айтыспайықшы енді, осылай )))) Мына мақұлықтардың да бәрінің түрі жаман екен, мысық я жылқы, көбелек сияқты әдемі болмай ма? Әлде ең сұрықсыздары табылып жатыр ма екен?

    • Басым көпшілігінің майда-шүйде жануарлар екенін және ірі жанарлардың көзге түсуге ықтималдығы жоғары екенін ескерсек, осылай болатын сияқты ғой:)

  4. иа, өте қызықты ақпарат екен. Өзім тылсым әлемде жүретіндіктен осындай дүниелерді қатты қызықтаймын. Мен былтыр Алматыға барған сапарымда 18 жұп қанаты бар инелік тәріздес бірдененің өлі денесін тауып алып едім. Ұзындығы 15-20 см шамасында. Ғылымға белгісіз дүние болар деп уйге алып келіп едім. терезенін алдында турганда сол уйдін мысыгы жеп койыпты.
    Бұл не болуы мүмкін?
    Айтпақшы, Қисеке, “анау танауы жоғары қараған” маймыл деп өзіңіз аудардыңыз ба? Сәтті аударма секілді… Терминкомға хабарласып көріңіз. Әділет органдарына барып патенттеп алсаңыз да болады…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s