Фильм түсірудің голливудтық жазылмаған 60 ережесі

Басқаны қайдам, өзім ес білгелі Голливудтың түсірген фильмдерін арнайы отырып та, бір нәрсе жасап жатып та қарап келе жатырмын. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, әлемдегі ең ірі киноиндустриялық орталықтың қол астынан шыққан бірталай туынды рухани демалыс сыйлайды, жақсы-жаманды көрсетіп, ойға ой қосады. Бірақ “голливудтық боевик” дегенде миымызға сарт етіп атыс пен шабысқа толы, я іш пыстырарлық көріністердің келетіні де бар. Бұл, сірә, аталған аймақтың аясынан жыл сайын жүздеген киноның шығып, тойдырып болғанымен байланысты болса керек. Не болғанда да жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастау алған адамзат мәдениетінде “голливудтық стиль” өзінің айрықша орнын алғанға ұқсайды. 

Төмендегі сипаттамаларды Сіз бұрын да “бір жерден” оқыған боларсыз. Мен оқығам, әйтеуір.  Сонда да болса аудара кетейін деп шештім. “Жұма күнгі бояндар” стилінде:)

Тек әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.

Сонымен, фильм түсірудің голливудтық жазылмаған 60 ережесі

1. Бір сіріңке не кішкентай қол шамы (фонарь) бүтіндей бір бөлмені/ғимаратты/үлкен үңгірді жап-жарық қылып жібереді.

2. Әр мектептің түнде де ашық тұратын есігі болады. Алайда егер Сізге өлім қаупі төніп тұрса, ол есік міндетті түрде жабық тұрады. Жалпы ондай қауіп кезінде кез-келген есікті ашып, қашып кету мүмкін емес.

3. Ең жақсы күзетілетін және қорғалған ғимараттардың өзіне кеңінен салынған вентиляциялық жолдар арқылы кіруге болады.

4. Жаңбыр жауа қалса, міндетті түрде қатты жауған нөсер жаңбыр болады, сіркіреп жауған жаңбырды сирек көресіз.

5. Тұман қалып болып түседі. Қол созым жердегі дүние көрінбейді, алайда көлікке мінген біреу міндетті түрде осы тұманда ары-бері жүреді.

6. Молалардың үстін тұман басып тұрады.

7. Егер Сіз кейіпкердің шешесінің асханада не ваннада жүргенін көрсеңіз, оның өміріне қауіп төніп тұр деп біле беріңіз.

8. Барға келіп сыра сұрасаң болды, ал оның қандай марка екенін, бөтелкеден әлде кружкадан ішетініңізді бармен білуге міндетті.

9. Қандай да бір маңызды жоспар болмасын, бәрібір дұрыс орындалмайды. Оны жүзеге асырып бастағандар ә дегенде-ақ бір бәлеге ұрынады.

10. Өртеніп жатқан ғимараттан ең соңғы болып балалар құтқарылады. Шешелері оларды құтқарудың орнына көшеге атып шығып, қаһарманның көмекке келуін тағатсыздана күтеді.

11. Барлығы не айтқысы келгенін соңына дейін айтады. Ешкім ешкімнің сөзін бөлмейді.

12. Полиция қызметкерлері не судан ақ, сүттен таза, не жемқорлыққа белшесінен батқан жалмауыз болады. Екі ортада жүрген құқыққорғау органынының өкілін көрмейсіз.

13. Тікұшақ көз жететін жерге келгенше, оның дауысы естілмейді. Мәселен, таудың ар жағында ұшып келе жатқанда жер-дүние тым-тырыс болады, ал ол көрінді дегенше жер-көкті дарылдаған дауыс алып кетті дей беріңіз.

14. Оу баста жойылады деп тағдыр жоспарлап қойған барлық автокөліктер/ұшақтар/тікұшақтар жарылу мүмкіндігі аса жоғары материалдардан жасалған.

15. Тікұшақты басқару үшін бір қолыңыз болса жеткілікті, онымен джойстикті ұстайсыз, ал екінші қолыңызбен атысып отыра берсеңіз болады.

16. Төбелескенде жағымсыз кейіпкерлер бас қаһарманға кезектесіп “жабылады”.

17. Пистолеттің оқшантайлары 30, 40 немесе “Қанша керек сонша” оқтық болады.

18. Оқ ешқашан рикошет жасамайды, ол көзделген нысанаға не оның айналасына 100% дәлдікпен тиіп жатады. Ескерту: сценарий бойынша аса қажет жағдайда рикошет болуы мүмкін.

19. Оқ не жеңіл жаралайды не бірден өлтіреді.

20. Кәсіби түрде оқу-жаттығулардан өткен жексұрын кейіпкер бас кейіпкерге көздеген жерінен дұрыстап тигізе алмайды. Ал өз бетімен үйренген бас кейіпкер болса екі қолымен арлы-берлі қозғалыстағы нысанаға жатып та, тұрып та, секіріп те дәл тигізеді.

21. Жағымсыз кейіпкерлер лифт есігін оқ астына ала қалған жағдайда қажет бола қалады-ау деген оймен салынған шығар, әйтеуір оның (лифттың) төбесінде оп-оңай ашыла салатын люгі болады.

22. Қарудың кері қайтарымы (отдача) жоқ, ал бірақ, оқтар тиген адамын қалпақтай ұшырып жатады.

23. Қару ешқашан қызбайды. Ондаған адаммен атысып болған соң, оны бір жерім күйіп қалады-ау деп қорықпай-ақ шалбардың беліне/қатласына сала салуға болады.

24. Үй жануарлары қандай апат болмасын тірі қалады.

25. Атыс болып жатқанда ешкімнің де құлағы бітелмейді.

26. Метрода немесе жерасты тұрағында болған атыстан кейін де, жаңғырыққа қарамастан, қаһарман болсын, жағымсыз кейіпкер болсын иненің жерге түскен дыбысына дейін ести алады.

27. Барлық бомбалар тықылдап, дыбыс шығарады және олардың жарылысқа дейінгі уақытты кері бағытта санап жатқан кішкентай, жанатын дисплейлары болады.

28. Жарылыс дабысы тіпті ашық космоста немесе вакуумде жасалса да қатты шығады.

29. Барлық бомбалар жарылысқа 10/5/3/1 секунд қалғанда зарарсыздандырылады. Оны жасау оп-оңай, тек бір сымды әп деп қия салсаңыз болды. Тек түйткіл туындататын бір мәселе – қызыл сым ба, әлде көк сым ба? Бәлкім жасыл сым шығар?

30. Қандай қуатты жарылыс болмасын бас қаһарман жерге жата қалып не суға сүңгіп кетіп аман қалады және құлағы ешқашан бітелмейді.

31. Полиция автокөліктері соқтығыс кезінде ылғи ыршып кетеді не аунап түсіп жатады.

32. Соқтығысқан автокөліктер міндетті түрде жарылады. Тіпті дизельді ауыр машиналар да.

33. Бас кейіпкердің көлігіне жарылғыш зат қойылса, ол иесі отырғанда емес, жақындап қалғанда жарылады.

34. Беріліс қораптарының (коробка передач) екі түрі де бірдей дыбыс шығарады.

35. Егер сізді басқа машина келіп, керегеге/жолдың шетіне/бордюрге қысып тақаса, жылдамдықты бірден азайту қарастырылмаған, қырсығып, одан әрі айдай бересіз, айдай бересіз…

36. Бас қаһармен өміріндегі ең қиын тапсырманы тура зейнетке кетер алдында алады, оның үстіне ол тапсырманы орындауға бар болғаны 24/48/72 сағат беріледі.

37. Өмірге қауіпті жарақаттарды бас кейіпкер фильмның соңғы кадларында алады. Ал бұған дейін оған қанша рет оқ атылғаны, шатырдан лақтырылғаны, денесіне, бет-аузына қанша тоқпақ тигені маңызды емес.

38. Егер жағымсыз кейіпкердің бүкіл әлемді/қаланы/материкті/мемлекетті жоқ қылып жіберетін сұмдық қаруы болса, онда ол міндетті түрде сол қарудан өзі қаза табады, не жарылып тынады.

39. Бас кейіпкерлер ұйқыдан тістері тазаланып тұрады, себебі ояна сала сүйісуге жүгіреді.

40. Құтқарылатын адамдар саны шамамен 2 адамнан 6 миллиардқа дейінгі санды қамтиды.

41. Бас кейіпкерді өлтірер алдында, жағымсыз кейіпкер оған біраз “әңгіме айтып” тастайды. Ол қаһарманның өлімнен құтылу үшін бірдеңе ойлап табуына қажет.

42.  Қаһарманның өміріне қауіп төнген жағдайда, оның жанында бұрап-бұрап жіберетін вентиль болады, осылайша ол жағымсыз кейіпкерге ыстық бу немесе газ шашып жібере алады.

43. Қолға түскен бас қаһарманды өлтіру үшін, болат өндіретін бе, темір балқытатын ба, әйтеуір сондай бір зауытқа алып келеді.

44.  Жағымсыз кейіпкердің баскесерлерінің түрлерінің жамандығы сонша, оларды бет-әлпетіне қарап-ақ соттап жіберуге болады.

45. Бірге тұрғанына 30 жыл болған ерлі-зайыптылардың өздері он минут сайын ерекше ықыласпен сүйісіп жатады.

46. Бас қаһарман жағымсыз кейіпкердің сұмдық көліктерін ауыр жүк машинасымен мыжғылап, “жынына тиеді”.

47. Ең соңғы шайқаста қаһарман жеңіс алдында оңбай таяқ жейді.

48. Жаудың ұясына келген кезде бас кейіпкер бір қалтарыстан екінші қалтарысқа домалап жүріп жетеді.

49. Кокаинді  кем дегенде 10 тонна көлемінде, танкерлармен, ауыр жүк көліктерімен тасиды.

50. 22 жастағы бет-аузын әдемілеп бояған сары шашты қыздың ядерлық физика бойынша әлемдік сарапшы екені ешкімді таң қалдырмайды.

51.  Ата салудың орнына жағымсыз кейіпкер бас қаһарманды басқа жолдармен өлтіруді жөн санайды, ол жарылғыш зат, дар, улы газ, лазерлер, акула немесе қолтырауын толтырылған бассейн болуы мүмкін. Бұл да қаһарманның өлімнен құтылу үшін бірдеңе ойлап табуына қажет.

52. Маркеттен келе жатқан кейіпкердің дорбасынан міндетті түрде француз багеті шығып тұрады.

53. Диспетчерлердің берген нұсқаулары бойынша ұшақты кез-келген адам қондыра алады.

54.  Кез келген соғыстан аман шығуға болады. Алайда жақын адамыңның суретін шайқас алдында біреуге көрсетіп, ол туралы әңгімелеп берсең, өлдім дей бер.

55. Неміс не орыс офицері болсаң, тілді білу міндетті емес. Неміс не орыс акценті жеткілікті.

56. Фильм Францияда түсіріліп жатса, Эйфель мұнарасы қаладағы кез келген үйдің терезесінен көрініп тұрады.

57. Ер адам шайқас кезінде қандай жарақат алса да үн шығармайды, алайда әйел оның жарақаттарын жуып, емдейін дегенде ыңырсып, ауру жанына бата кетеді.

58. Түзу жолда келе жатып та көліктің рулін оңды-солды бірнеше минут сайын бұрғылап отыру керек.

59. Белгілі бір қылмыстық іс бойынша жұмыс жасап жатқан полиция өкілінен, жіберген қателіктері үшін ол ісін тартып алады. Сонда барып жаңағы полиция қызметкері шындап жұмысқа кіріседі.

60.  Барлық шетелдіктер  бөтен ешкім болмаса да, өзара ағылшынша сөйлескенді жөн көреді.

Сурет.

3 thoughts on “Фильм түсірудің голливудтық жазылмаған 60 ережесі

  1. ха ха , осының орысшасын бір халявный сайттан оқып едім кезінде, рас қой, Голливудтың шаблондары осылар, Болливуд туралы да осындай қызықтар тізуге болады екен,

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s