“Ғашық жүрек – 2” сөреден шықты…

“Время” газетінің хабарлауынша, “Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды” фильмі өз шығындарын өтеп қана қоймай, таза табыс әкелген тұңғыш қазақстандық туынды екен. Құлағымыздың естігені бас продюссері Баян Есентаева болған фильм жайлы үлкен-кішінің әңгімесі мен көзіміздің көргені кассадағы ұзын-сонар кезек болған соң, көңіліміз әлгі ақпаратқа сенді. 

Менде бар тағы бір мәлімет бойынша, Интернет-кеңістікте, жалпы БАҚ-дарында жаппай талқыланған  “Ғашық жүректің” екінші бөлімі “бісмілла” деп түсірілімін маусым айында бастап кетпек. Әзірге сценарий жазылып жатыр. Бұл жақта шыдамымыз бітіп біз отырмыз:) Жоба бойынша жаңалықтар болса жариялаймын.

Қазақ киносына деген жақсылы-жаманды үміт сыйлаған жаңа толқынның алдыңғы қатарында келе жатқан фильмның жалғасы көптің көңіліне майдай жағады деп өзгені қайдам өзім болжап отырмын. Бұйырса, романтикалық комедияның деңгейін болашақ бізге көрсетіп берер.

Пы.Сы. Айтпақшы, “Ғашық жүректі” әлі күнге “На Райымбеке” кинотеатры көрсетіп жатыр.

5 thoughts on ““Ғашық жүрек – 2” сөреден шықты…

  1. Қазақтың талай киноларын көрдім. десек те, бүгінгі таңда менің көңілім толған тек қана “Ғашық жүрек”! көшпенділерден де асып түсті десем артық емес! жарайсындар түсіруші топ! жарайсың, Баян!!! Орал қаласынан Алпамыс!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s