Төрт шумақ өлең

Тағы да түн…

Қара түнді ұнатамын, ұғамын…

Мылқау түннен жауап таппай мазамды алған сұрағым

Темекінің түтініне еріп, мені тастап барады…

Ал сен болсаң… ал сен болсаң… телефоннан жыладың.

 

Тағы да сол. Көздің жасы. Көңіліңнің кірі, мұңдасым.

Біздік көңіл бір бүтіннен, екі жартыдан болғасын.

Сенің сонша тығылып айтқан, тұтығып айтқан әр сөзің –

Жүрегіме салмақ, жаныма қанжар, көңіліме құйған қорғасын.

 

Қара түн тастап сезіміңді, кете де барды-ау тау асып.

Ұйқылы-ояу бас көтерді бізді таныстырған қалашық.

Айтарға сөз жоқ, ал көңілімізде ой менен ой менен арбасып,

Есте жоқ ескі оқиғалар жатты бір-бірімен таласып.

 

Темекі менің осы бір сәтте досыма айналып кеткен бе,

Менің күлкім күлкі емес – тарттырып алған бетпердем.

Шарбы бұлт жапқан аспаннан сені іздеймін келіп үңіліп.

Көк ала түтін бейнеңді орайды көңіліме келген көктемде…

17 thoughts on “Төрт шумақ өлең

  1. Шеге берме, будақтатып, түтін сорып ішіңе
    Өнеге емес, артыңдағы, жүрегі бос кішіге.
    Сезім келер, кетер тағы, қайта оянар көктемде
    Сау ден қайтып оралмайды, темекі ізі өкпеде.
    ;))) саған еріп ақын боп кетерміз ау, әлі…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s