Мультимедиалық интернет-журналистика курсы

Назар аударыңыз!

MediaNet халықаралық журналистика орталығы онлайн-медиа журналисті болғысы келетін жастарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды. 

Сабақ беру әдісі интернет-журналистика саласына қатысты көпвекторлы білімді игеруге және қолдануға бағытталған. Сабақ барысында тыңдаушылар интернет-мәтін жазуды, аудио және видеокасттар, слайд-шоу жасауды үйреніп, фото, видеотүсірілімдер жүргізудің қыр-сырын меңгереді.

Сабақ уақытында тыңдаушылар Орта Азиялық Kloop.kz жаңалықтар порталында тәжірибеден өтеді, ал курс аяқталған соң аталған онлайн-ресурстың тұрақты тілшілері болып саналады.

Жалпы сабақ және тәжірибеден өту мерзімі 5 ай.

Қатысамын деп ниет танытқандар қысқаша түйіндеме мен уәж-хаттарын 20 сәуірге дейін ziyadin@medianet.kz, vassilina@medianet.kz немесе info@medianet.kz адрестеріне жіберулері қажет.

Уәж-хат 300 сөзден аспайтын, еркін формада жазылған және келесі сұрақтарға жауап беретін болуы керек: Сіз бұл курсқа қандай мақсатпен келгелі отырсыз? Қандай бағыттағы білімді үйренгіңіз келеді? Барлық үміткерлер арасынан біз неге Сізді таңдап алуымыз керек?

Жоба «Клооп Медиа» ҚҚ (Қырғызстан), «ДАСТ БА ДАСТ» ҚБ (Тәжікстан), «Youth of Osh» ҚБ (Ош, Қырғызстан) ұйымдарымен серіктестікте, Орталық Азиядағы Еуразия Қоры және Еуразия Вашингтон Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Байланыс тұлғалары:

Дінмұхамед Зиядин – қазақ бөлімі, 2616669, 2721529, +7 702 490 17 67, ziyadin@medianet.kz

Василина Воркова – орыс бөлім, 2616669, 2721529, +7 701 549 98 58, vassilina@medianet.kz

2 thoughts on “Мультимедиалық интернет-журналистика курсы

  1. Мен алғашқы жазылатындардың бірімін. Оқып, үйреніп, өзім жұмыс істейтін ҚазАқпараттағы әріптестеріме үйреткім келеді. ҚазАқпарат дағдарыс үстінде. Алға даму жоқ. Бірақ бәрібір әлемдік тәжрибенің келеріне сенемін. Ол әмбебап интернет журналист болу, яғни жаза алумен қатар фото, видео, аудиомен жұмыс істеуді жетік білу, интернет саласын мықты меңгеру. Қазір тек мәтінмен жұмыс істейтін журналистер тобы ғана ҚазАқпаратта. Ал әлемдік тәжрибеде ақпарат агентігінің журналисті әмбебап журналист болуы керек. Сондықтан мультимедиялық интернет журналистика курсын меңгеру керек. Сонымен қатар 7 кун кзны мультимедиялық сайтқа айналдыру басты мақсат. Медианаттің, Қисықтың осы бастамасы үшін үлкен алғыс білдіремін.Еңбектеріңе табыс тілеймін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s