Дария

 

Дария сенің сенімің бүгін тәтті арман

Тұңғиықта терең мұңға оралып сақталған.

Өзіңе деген өзек өртейтін отты ойлар

Сөзге айналғанда сиықсыз, сұрғылт жаттанды ән.

Дария сенің сезімің бүгін тәтті аңыз

Сол сезімнің алауын кеше жаққанбыз.

Ал бүгін маған сыйлаған әрбің сәтіңнен

Білінеді күдік, байқалады жалыққан жаттанды із.

Дария сені көруші едім кезінде ұрланып

Ұрланған сол бір жүрек күйімен жұбанып

Енді, міне, ерекше күйде жүрмін мен

Улы қалада өзіңе деген сезіммен уланып.

12 thoughts on “Дария

  1. өлеңдеріңнің бәрін бір жинақ қып шығаршы. авторграфымен маған сыйлашы) жанымды жібітіп, жадырап қалайын. ғашықпыын өлеңіңе))

      • рахмет, інімка)))

        Осы ер адамдардың поэзиясы ерекше боп келеді есть же…. басқаша…

      • меніңше ол ер мен әйелдің психологиялық ерекшелігінде. Мысалы әйелдер “о көк аспан” десе, ерлер “әй көк аспан” дейді дегендей… Меніңше әйелдер поэзиясынан бағынышты болуға құштарлық байқалатын сияқты. Ал ерлер мінезді өлең жазады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s