Жұмыс, шаршау және мен

 

Утомляет не столько сам труд, сколько мысли о нем.
КВИНТИЛИАН Марк Фабий

Кішкентай кезімде тапсырылған істі жасағым келмей, қылжия бастасам, мамам «Көз — қорқақ, қол — батыр» деп “өшіріп” тастаушы еді.

Қазір осы мақал маған аса өзекті болып отыр. Бірақ, жұмыс жасамауымның себебі жалқаулығымның желкелегінен емес, комп алдына отырсам бітті көзімнің қарауытып, басымның ауыра кететініне байланысты. Әйтпесе, алып, айырып-айырып тастайтын шаруа жетеді. Ия, солай. Жетеді…
Адамның өмірі (Өмір деп аса жоғары мағыналы, құнды пәлсапалық ойларға ие құбылысты емес, кәдімгі ит-шошқа күйбең тірлікті айтып отырмын) ой мен қырдан тұрады (өзің боян). Мен осы қазір соның ойында жүрмін-ау. Әлдебір паралелльді әлемнен келген құлықсыздық пен көлденең істерге деген марғаулық мазамды қашырды. Бітпейтін бір берекесіздік басып алды. Я жұмысты жарытпаймын, я демалысты қатырмаймын.

Қаптағай келген, қажырлы, қайтпас қайсар, қайратты адамдар мұныма мұрын шүйіре қарап, «түсінбейміз» деді, жақын-жуығым «ниче, ниче, өтеді» деді, білгіштер “өйт, бүйт” деп біраз кеңес берді. Ну, йоп… Бірақ, маған қазір бұл керек емес. Өйтпеген жағдайда, клуб құрып, өзім секілділерді жинап, кезек-кезек сөйлеткізіп, сораларын ағызар едім/ағызар едік.

Гаста баяғыда бір менің жазбама «Сыртқа шық та біреумен ерегес, бірақ төбелесте жеңуді емес, таяқ жеуді көзде. Бір таяқ жеген соң өмірге құштарлығың оянады» деп пікір қалдырған еді. Кхм, кхм, сенбистер Енді, міне, осы ақылдың актуальділігі артып, артынып-тартынып келіп қалған секілді.

Әрине, әлдекімнің ойынша, мен мұны иығыңызға басыңызды қойып, егіліп жылап, шер-мұңымды айтып, киіміңіздің жағасын былғайын деп жазып отырған жоқпын. Шынымды айтсам, қазір маған Сіздің жеке тұжырымыңыз, ойыңыз қызық емес. Пікіріңіз қызық. Пікіріңіз. Себебі, ақыл цензурасынан өткен ой алты-артына қарайды. Ол сонысымен де құнды.

Тек, жыламаңызшы… Мен бәрібір суицид жасамаймын.

20 thoughts on “Жұмыс, шаршау және мен

  1. әкесінің аузын, Гастаң жақсы пікірайтқан екен. кейде өмірдің қадірін солай да сезінуге болады. Бір өліара деші өңменіңнен алған. Онда ыстық моншаға барып, парында 30 минут отыр. Құрысқан, тырысқандар жібіп, демің тарылып, тозақ көзіңе елестеп өлермен боп шығасың. Сосын тастай суға түс. Ой, бір рахаттанасың… мен сөйтем. (қыртым пікір ғой деймін…)

  2. Давлениең бар ма, “сақина” деген бәлеге тап болма. Пабың да күндік қой. Атқа мініп, серуендеу керек, қанымызда бар ғой.

  3. Қайтарда жұмыстан үйге қарай жаяу қайт. Бір жағынан реал өмірдегі адамдардың арасымен жүресің, таза ауамен тыныстайсың. Бір жағынан жаяу жүргеннен қозғалыс болады.

  4. Жүзуді білсеңіз, бассейн дегенді ұсынамын, шаршағанды басады екен. Физический шаршайсыз, бірақ морально демаласыз. Сосын спортпен үздіксіз, жүйелі түрде айналысуды көріңіз. Аптасына екі-үш рет футбол немесе, 40 минуттық серуен арқылы денені шынықтыру керек. Тексерілген, көмегі бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s