Жақсы адамның әңгімесінен туған өлең

Жылату оңай, жұбату қиын – мойындалмайтын заңдылық.

Таусылмайтын әңгіме айтамыз екеуміз таңды таңға ұрып.

Бүгін де, міне, бұйырмайтын бала сипатқа оралдық.

Отырып алып ой-қырдағы үйімізді сағындық…

Бар екен әлі бойымызда бала мінез мәңгілік
Көрге де бірге енетін бізбен елес бейне жаңғырық.
Өнер екен тазалықты сәбиге тән жоғалтпау,
Ал біз оны тамашалаймыз таңдай қағып таң қылып.

Содан да болар шалыс бассақ қаламыз бірден мәңгіріп
Алады билеп бойымызды ала да құла сан күдік.
Жұртта қалған тәнімізге үймелейді небір жын,
Жанымыз кеткен көз көрмеске тыныштық іздеп қаңғырып.

Тілесек те қанша кешірім сұрап, айтсақ та қанша сан құлдық.
Күнәһар сипат, қисынсыз мінез біздегі бойда бар қылық.
Мазмұнсыз, мәнсіз сөзімізді айтып біз-дағы бір күн өтерміз
Тал бесік пен жер бесіктің арасын жүріп, шаң қылып.

P.S. Ұнайды маған өзіңе тән, өзгеше біткен арлылық…

6 thoughts on “Жақсы адамның әңгімесінен туған өлең

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s