Бір өлең…

Он күн бұрын басқа жерде жариялап едім бұл өлеңді. Кеше қарасы батқан блогыма қойып едім. Бүгін осы жерге салып отырмын…Көңілге қыңыр күй кеп бір,

Көкірек сүйегімді керіп тұр.

Егелген ескі сезімді

Егілттің, шешек, егілткір…

Шыдамай шыдамым, шамасы,

Жанымның есігін теуіп тұр…

Бір кезгі сәулет – бұл дүние

Қалғандай қаңсып кеуіп бір.

Арманның аппақ қанаты

Үмітсіздіктен қарайды.

Мен жетпеген қу мүлік

Құлазытып жүр-ау талайды.

Ойымды жаным жегідей жеп,

Жанымды тәнім қанайды.

Бұрышқа біткен бір байғұс

Уысындағы тиынын санайды…

Тілеушім деп ем апайды,

Тірегім деп ем ағайды,

Атаңа нәлет, сұм ақша,

Маған емес саған қарайды

Үміт сыйлар жандар «арайлы»…

2 thoughts on “Бір өлең…

Пікір қалдыру