«Голос» жобасынан плейлист

92348558_PIC29

Былтыр бірінші маусымын дұрыстап отырып қарамап едім, осы жолы жібермей көріп жүрмін. Ресейлік «Голос» бағдарламасын айтамын да. Кім, не, қайдан шықты – тарқатып айту қажет емес шығар, оның үстіне әлемдік деңгейдегі бұл жоба қазақстандық эфирге де келіп, көрермендерін тауып жатыр деп ойлаймын. Бірақ, өзім «Қазақстан дауысына» неге екені беттей алмай жүрмін, мүмкін келесі маусымына тәбетім ашылар:) Оқуды жалғастыру

Advertisements

2014 жылы SEO-ны не күтіп тұр?

Керек кеңестер. Әрқайсысын тарқатып әкетіп, тереңірек білгім келеді.

Өрімтал

 

Алиция Липовска, SEO/SMO/SMM бойынша әлемедік дәрежедегі кеңесшінің лекциясынан алынған кеңестер:

  1. Контент маңызды. Бірақ контент тереңдігі мен нақтылығына мән беру керек.
  2. Контент әралуанды, яғни визуалды ақпарат көбірек болуы тиіс.
  3. Автордың салмақтылығы (opinion maker) маңызды. SEO әлеуметтік маркейтингпен бірігіп бара жатыр. Мақала жазып отырған автордың әлеуметтік желілерде болуы, оны тұрақты жаңартуы – автордың маңыздылығын арттырады.
  4. Сілтемелер маңызды. Бірақ дұрыс сілтемелер өзектілігі артпақ.
  5. Мәтіндегі сілтемелерді көбейту керек.

View original post 84 more words

Қазақ тіліндегі тақырыптық сайттарға қысқаша шолу

Сан сапаны жағалап, ұрын барып, ыңғайға көндіруге айналған жерде соңғысының әжептеуір күшейетіні туралы ережені ерінбеген сөзіне қосып айтатын кез ғой қазір. Сол соқпақтан біз де таймалық, қазақ сайттары туралы әңгімеміздің бір жеріне бірдеңе қылып кірістіріп жіберейік. Бермегейіп бірнеше жыл бұрын қазақ тіліндегі контент алғашқы адамдардың популяциясы секілді  әр жер-әр жерден төбе көрсетіп, ана сайт, мына блогшыдан артылмай тұрған кезде бұл тізімім біршама қысқа болар еді. Сан сапаға транформацияланып жатқан тұс мынау. Лайым, алдағы шолулар бірнеше бөлімнен тұратын болсын.

Ескерту. Шолу ақпараттық-танымдық мақсатта және автордың өз көзқарасы бойынша жазылды, сайт иелері ақша берген жоқ, туыстарымды ешкім кепілге алып отырған жоқ, Тізімге кірмей қалған, бірақ сөзсіз көпшілікке пайдасы тиеді деген сайттарыңыз болса, жазба астында қалдыра кетіңіз, пікіріміз бір жерден шықса, қуана-қуана қосамын.  Оқуды жалғастыру

Адамдардың іс-әрекетіне Жаратушының әсері

— Сіздің ойыңыз дұрыс-ақ, әріптес, бірақ, «Құдай өлген жерде, адам еркін» деген сөзге айтар уәжіңіз бар ма?

— Бар, әрине. Бірақ, мен бірден айтайын, бұл тұжырыммен келіспеймін. Ницше үшін өз дәуірінде бұл өзекті-ақ болған шығар, бірақ, қазір, біздің заманда, құндылық түсінігі өзгерген кезде, Құдайды өлтіру қиын, себебі, Ол, адамзатқа, как никогда, қажет. Оқуды жалғастыру

Кариб теңізінің пандасы (екі бөлімнен тұратын ақпараттық-танымдық рецензия)

Кіріспе

Өткен аптада ебін тауып, есебін келтіріп екі фильмге барып алдым. Бірі «Кариб теңізінің қарақшылары. Тылсым жағалауда», екіншісі «Кунг-фу панда 2».

Екеуі де мен күткен дүние. Екеуі де көңілімнен шықты. Сапалы дүние жаныңа жақпай қоймайды екен. Оқуды жалғастыру