Айқас. Бірінші бөлім: барлаушы

Шум оружия заглушает голос законов.
Мишель де Монтень

«Қайран, Дәруішөлген… Қайран, ел… Тоз-тозыңның шыққанын көремін деп екі дүниеде ойладым ба!?». Жаудың бағытын барлауға шыққан Мастұр батыр талай рет қалқан мен қылыштың жүзін көріп мұқалған сүңгісін толғап-толғап жіберді де, екінші қолына ауыстырды. Күн қағып, тотыққан жүзі әлдебір ауыр ойдың астында қалғандай — тым қайғылы, тым салмақты. Шалқар даланың шебер желі батырдың жүзіне әдейілеп оюлап әжім салғандай. Айбары мен адалдығы қатар көрінер қысық көздер ерекше күштің иесінікі екенін дәлелдеп тұр. Оқуды жалғастыру

Бізден бір қалған Блогкемп…

Бірнеше ай болды Блогкемптың логотипі секілді қызылды-жасылды өмір сүргенімізге. Екі күндік шара ептеп түсімізге кіріп, есімізден енді айырып бара жатыр еді, Құдай оңдап өтіп тынды. Еңбегіміз ел қатарлы сіңе қоймаса да, ертеңді-кеш тілеуін тілеп, тақымымызды қысып жүрген соң, құрылтайдың қисаймай, аман-есен өтуін шын көңілден тіледік. Тілегіміз орындалған секілді. Әйтеуір, мен сөйлескен жұрт ырза. Оқуды жалғастыру

Блогкемптың суреттері

Қорытынды жазба жазсам ба деп отырып едім. Бірақ, әлдененің (әлде әлдекімнің) әсерімен бүкіл жинақтаған ойымның бышыты шықты. Сондықтан Сіздерге әзірге фоторепортаж бере отырайын.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов тіркелуде, ал Монғолиядан келген Өмірбек кезекте тұр. Оқуды жалғастыру