Айқас. Екінші бөлім: Сиқыршы

Жалғасы. Басы мұнда.

Кто ищет зла, к тому оно и приходит.
Притчи Соломоновы (Прит., 11, 27)

— Тоқтат!

Екі орынтағы екі алып кесірткенің бейнесінде жасалған тақты ауыр денесімен боздатып барып Әмірші орнынан көтерілді.

Қыста суық, жазда ыстық өткізбейтін жорық шатырының іші толы адам. Бас қолбасшы мен оның артында тұрған отыз орынбасары бір тізерлей кеткен күйінде тына қалған. Сықырлатып қару асынған әскери кеңесшілер, үлде мен бүлдеге оранған төрелер үнсіз, иектерін көтеріп, алдарына тік қарауға батылдары жетер емес. Күтушілер мен Әміршнің жеке күзеті де қандарын іштерін тартып сұп-сұр болып алған. Оқуды жалғастыру

Айқас. Бірінші бөлім: барлаушы

Шум оружия заглушает голос законов.
Мишель де Монтень

«Қайран, Дәруішөлген… Қайран, ел… Тоз-тозыңның шыққанын көремін деп екі дүниеде ойладым ба!?». Жаудың бағытын барлауға шыққан Мастұр батыр талай рет қалқан мен қылыштың жүзін көріп мұқалған сүңгісін толғап-толғап жіберді де, екінші қолына ауыстырды. Күн қағып, тотыққан жүзі әлдебір ауыр ойдың астында қалғандай — тым қайғылы, тым салмақты. Шалқар даланың шебер желі батырдың жүзіне әдейілеп оюлап әжім салғандай. Айбары мен адалдығы қатар көрінер қысық көздер ерекше күштің иесінікі екенін дәлелдеп тұр. Оқуды жалғастыру

Мен ұсынатын 3 кітап

Әр кітаптың өз тағдыры бар.
Мавр Теренциан

Германия-Қазақстан ойынын көріп, жүйкем жүн болып отыр еді, блогшылар (ілмектерді қараңыз) бір бастама көтеріпті. Алғашқы болып жазба жазу құрметі маған бұйырғасын, ережесін бір жолмен түсіндіре кетейін.

Тақырыпқа қарап, тақырыптың не жайлы тақырып болатынын түсінген шығарсыздар. Менің үш кітап ұсынған постымнан кейін, мен кезек берген блогшы өзінің үш кітабын «рекомендейді». Сосын кезегін келесі адамға бағыттайды. Сөйтіп, осындай аса күрделі және қиын процесс арқылы эстафета жүргізіледі. Оқуды жалғастыру

Бізден бір қалған Блогкемп…

Бірнеше ай болды Блогкемптың логотипі секілді қызылды-жасылды өмір сүргенімізге. Екі күндік шара ептеп түсімізге кіріп, есімізден енді айырып бара жатыр еді, Құдай оңдап өтіп тынды. Еңбегіміз ел қатарлы сіңе қоймаса да, ертеңді-кеш тілеуін тілеп, тақымымызды қысып жүрген соң, құрылтайдың қисаймай, аман-есен өтуін шын көңілден тіледік. Тілегіміз орындалған секілді. Әйтеуір, мен сөйлескен жұрт ырза. Оқуды жалғастыру