«Голос» жобасынан плейлист

92348558_PIC29

Былтыр бірінші маусымын дұрыстап отырып қарамап едім, осы жолы жібермей көріп жүрмін. Ресейлік «Голос» бағдарламасын айтамын да. Кім, не, қайдан шықты – тарқатып айту қажет емес шығар, оның үстіне әлемдік деңгейдегі бұл жоба қазақстандық эфирге де келіп, көрермендерін тауып жатыр деп ойлаймын. Бірақ, өзім «Қазақстан дауысына» неге екені беттей алмай жүрмін, мүмкін келесі маусымына тәбетім ашылар:) Оқуды жалғастыру

Адамдардың іс-әрекетіне Жаратушының әсері

— Сіздің ойыңыз дұрыс-ақ, әріптес, бірақ, «Құдай өлген жерде, адам еркін» деген сөзге айтар уәжіңіз бар ма?

— Бар, әрине. Бірақ, мен бірден айтайын, бұл тұжырыммен келіспеймін. Ницше үшін өз дәуірінде бұл өзекті-ақ болған шығар, бірақ, қазір, біздің заманда, құндылық түсінігі өзгерген кезде, Құдайды өлтіру қиын, себебі, Ол, адамзатқа, как никогда, қажет. Оқуды жалғастыру

Жұмыс, шаршау және мен

 

Утомляет не столько сам труд, сколько мысли о нем.
КВИНТИЛИАН Марк Фабий

Кішкентай кезімде тапсырылған істі жасағым келмей, қылжия бастасам, мамам «Көз — қорқақ, қол — батыр» деп «өшіріп» тастаушы еді.

Қазір осы мақал маған аса өзекті болып отыр. Бірақ, жұмыс жасамауымның себебі жалқаулығымның желкелегінен емес, комп алдына отырсам бітті көзімнің қарауытып, басымның ауыра кететініне байланысты. Әйтпесе, алып, айырып-айырып тастайтын шаруа жетеді. Ия, солай. Жетеді… Оқуды жалғастыру

Эстафета. Сникерстен ала отырыңыздар

Женщины едят за разговорами, мужчины разговаривают за едой.
Малькольм де Шазаль

Негізі мен осы жерде отырған бір топ еркекті сотқа бере аламын. Моральдық шығынымды өтеп беріңдер деп. Күні бойы қанды іштіңдер тамақтың неше түрін көрсетіп. Ернұрдың сірнесін көргенде есім кәдімгідей ауып қалды.

Жарайды, бұл кедір-бұдыр лид болсын.

Патик кезек сенікі дегенде, басыма небір ойлар келді. Небір болғанда, не ғой, естігеннен-ақ аузыңның суы құритын алуан-алуан рецептер емес, алдарыңа не тартамын деген жымысқы ой.
Содан не керек, аласұрып жүріп асхананы жарып жібере жаздадым. Абырой болғанда, есіме алдында әйелім екеуміз жасаған бір конфеттің рецепті түсті. Басында жаңғақ аршып, кәмпиттің құрамдас бөліктерін араластырып (қазір түсінесіздер) жүр едім, соңғы рет тұтастай өзім жасадым. Төрт жыл жатақханада тұрып, тамақ істеуді үйрене алмай кеткен мен үшін бұл жетістік (күлмеңдершиш, е). Оқуды жалғастыру

Айқас. Екінші бөлім: Сиқыршы

Жалғасы. Басы мұнда.

Кто ищет зла, к тому оно и приходит.
Притчи Соломоновы (Прит., 11, 27)

— Тоқтат!

Екі орынтағы екі алып кесірткенің бейнесінде жасалған тақты ауыр денесімен боздатып барып Әмірші орнынан көтерілді.

Қыста суық, жазда ыстық өткізбейтін жорық шатырының іші толы адам. Бас қолбасшы мен оның артында тұрған отыз орынбасары бір тізерлей кеткен күйінде тына қалған. Сықырлатып қару асынған әскери кеңесшілер, үлде мен бүлдеге оранған төрелер үнсіз, иектерін көтеріп, алдарына тік қарауға батылдары жетер емес. Күтушілер мен Әміршнің жеке күзеті де қандарын іштерін тартып сұп-сұр болып алған. Оқуды жалғастыру