«Ғашық жүрек». Браво, Баян немесе қазақтар да қалжыңдай алады

Нервыма тиед!

Майра Итаяқова, продюссер

(Айгүл Иманбаеваның кейіпкері)

Кино біткен соң көрермендердің қол шапалақтауына ие болған мен көрген туынды «Сказ о розовом зайце» болатын.  Әлде өзекке жақын, өзімізге таныс кадрлар болған соң ба, әлде шын мәнінде елдің көңіліне майдай жақты ма, әйтеуір  шарт-шұрт шапалақ Фархат Шәріповтың фильміне сол кезде бұйырған-ды. Енді, міне біздің күнәһар көз осы көрініске  тағы да куә болды. Бас продюссері Баян Есентаева мен режиссері Асқар Ұзабаев деп көрсетілген, өткен аптада, жауыр  болған тіркеспен айтсақ, «көрермендерге жол тартқан» комедия лық толған залдың оң ықыласына бөленді.

Жұманың кешінде жұмыстан шаршап келдім де, күтіп жүргеніме біраз болған «Ғашық жүрек или коктейль для звезды» фильміне тартып кеттім. Бір кинотеатрға бардық – билет жоқ, тағы бір кинотеатрға бардық – билет жоқ, тағы бір кинотеатрға бардық – билет жоқ. Таксиге кеткен ақшаға, одан да екі-үш адамға билет сыйлап, сауабын алуға болатын еді деген де ой келеді екен осындайда. Содан не керек, саған кешкі 11-лерде түнгі 1-дегі сеансқа билет сатып алуға тура келді. Екі сағат сағыздай созылып, енді болмаса жарылардай болып отырғанда есік ашылып, елді ішке кіргізе бастады. Сонымен…

«Shine Stars Production» өнімі әп дегеннен-ақ үйіріп әкетті. Басты рөлдегі Мөлдір Әуелбекованың дауысы жаныңды жақсы мағынада жұлмалап-ақ жібереді екен. «…Дариға мынау жалғанда, таңдап бір сүйген жарымсың…» деп келіп тоқтағанда жүрегіңді суырып алғандай болады. Браво, Мөлдір!

Тағы бір басты кейіпкер Баян Есентаеваның бақталасы Майра Итаяқова (рөлде Айгүл Иманбаева) көрермен махаббатын еріксіз жаулап алды. Мен сұрағандар ерекше атап өткен «Пузу втяни!» мен «Нервіме тиед!» деген Майраның тіркестері елдің есінде ұзаққа қалатын секілді. Өркөкіректеу, қу, қал-қадірінше қарпып қалуға тырысатын, надандау продюссер әйелдің рөлін профессионал Айгүл керемет сомдаған. Біресе қағаз жыртып, біресе қалам не бокал сындырып, біресе киімді айырып тастап жүрген Майра, сөз жоқ, комедияның сәні болды. Браво, Айгүл!

Эпизодтардағы актерлардың маңызын айтпаса болмайды, себебі оларсыз кино кино емес. Балгер әйелдің (рөлде Құдайберген Сұлтанбаев) «ық!» деп, «суф!» деп, түкірігін шашыратып жолды «ашып-жапқаны», клиент шығып кеткен соң пиво алып ішуі, комендант әйелдің жүріс-тұрысы, аяғына абитуриент қыздарға массаж жасатуы, кинода Майра Итаяқованың протежесі болған, «Хит ТВ» арнасында әні күн сайын берілетін қыздың рөлі (менің жолдасыма сол актриса қатты ұнап отырды, әйтеуір), Ерболаттың, Нұртас Адамбаевтың, Заттыбектің  рөлдері, тағы басқа толып жатқан актерлардың ойыны «Ғашық жүрекке» бұқараның көңілінен шығуға мүмкіндік берді. Браво!

Мейрамбек Беспаевтың (рөлде Мейрамбек Беспаев) рөлі бір қарағанда солғындау болып көрінді, бірақ көзімді жұмып, осы кейіпкерді алып тастап көріп едім, киноның кино сияғы болмай кетті. Көршіміз, 86 жылғы Айбектің сөзімен айтсам «Дауысы әңгіме жоқ, езьжі». Браво, Мейрамбек!

Енді жеке маған қатты ұнаған, Мөлдірдің продюссері болып ойнаған (өмірде де солай,ә) Баян Есентаеваға келсек… Кинодағы ең қарама-қайшылыққа толы тұлға, ең әдемі тұлға осы Баян болды. Өз басым шын мәнінде Баянды өнер адамы деп бағалайтын болдым, сыйлайтын болдым. Елдің айтқанына қарағанда фильм еңбегі Есентаеванікі. Браво, Баян!

Кинода төбелестерді өте сәтті түсірген. Әсіресе, тойда болатын төбелесте (Заттыбек ән айтып жатады, сосын МузАРт шығады сахнаға) каскадерлар шеберлік көрсетті.

Мен көрген бір ғана «но» басты кейіпкер Мөлдірдің сөйлеген кезде аздап жасандылыққа бой ұруы болды. Алайда актрисаның әлі қалыптаспаған актриса екенін ескерсек және жалпы киноның бас бармаққа бағаланатын ойласақ, жаңағы жасандылықтың маңызы кеміп қала береді.

Менің ойымша, «Ғашық жүрек» қазақ киносына үлкен жаңалық алып келді. «Ғашық жүректе» қазақтар өз комплекстерінен аттап өтіп, кемшіліктеріне көз жұма қарамай, керісінше, оларға күле білді. Мәдениеттің бәрі қазақтан шыққан, өркениеттің бәрі қазақтан шыққан, қазақ-қазақ деп еш негізсіз кеудені ұрған, ісіп-піскен пікірлерден шаршаған халық үшін Баян Есентаеваның туындысы осы тұста қышыған жерін дәл қасығандай болды.

Қысқаша айтқанда, фильмнің мен көрген ерекшеліктерін атап кеткім келіп тұр:

  • қазақ киноларында белгілі бір деңгейде кездесетін сасық менмендік пен жынға тиетін топастықтан және жабайы жасандылықтан біршама арылғаны;
  • қазақ шоу-бизнесінің тек жақсы жақтарын ғана көрсетпей, тасада қалған тұстарын да ашуы (той-бизнес, тасадан тұрып тас ату, т.б.);
  • әдемі әндердің орындалып отыруы;
  • актерлардың барлығының дерлік кәсіби деңгейінің жоғары болуы;
  • миыңның быт-шытын шығарып, «думкаға» түсіріп жібермей, әдемі, жеңіл қалжыңмен, көңілге тиер мұңмен өрнектелуі;

Балалар үйінде өскен, әнші болғысы келетін, Мейрамбекке ғашық қыздың күлкісі мен қайғысы, еңбегі пен қулығы, аярлығы пен аянышы қатар өріліп, тұтасып кеткен тағдыры жайлы Жақсы кино көре аласыздар дер едім.

68 thoughts on “«Ғашық жүрек». Браво, Баян немесе қазақтар да қалжыңдай алады

  1. күшті ревью жасадыңыз! мен сол премьерадан кейін елдер тынышталғанда барып көремін деп жүр едім (билеттер де оңай табылатын кезде), сіздің мынандай жарнамадан кейін ертең-ақ барып көретін сияқтымын. рахмет.

  2. күшті кино! маған өте ұнады! тіпті қазақша дұрыс түсінбейтін бірге барған серігім де «в восторге» болып шықты ғой))) тек Мейрамбекті тым «рыцарь» қылып қойғаны ұнамады

  3. biz ali barmadyk, bireudin jumysy bitpei jatyr. tunge wein jumys istep, meni kinoga alyp wyguga uakyty bolmai jur. Onsyz kino korgim kelmeidi de tipti 🙂 birak, osy apta barmasak, ozim ak baram, senin jazban degen adam tabetin awyp, kyzyguwylygyn arttyryp jiberedi eken 🙂

  4. «Ғашық жүрек» – бұл екінші «Сказ о розовом зайце», бірақ криминалсыз (оның орнына «қазақбайский шоу-бизнесс») және басты рөлде ұл емес, қыз. Бітті, басқа айтарым жоқ, анау қояндағыдай штамп, штамп, штамп… бұл кино емес, бұл Наша-казаша араласқан «Тамаша». Менің бір таң-қалғаным, біздің керемет дейтін кино-критигіміз Борецкий да осы киноны мақтапты ғой, ұят-ай… Былай қарасаңыз, әрине, коммерциялық жоба болғасын, масс-маркетке күшті бағытталған, залдағылардың бәрі мәз, Жіггіттер бар, Мейрамбек бар, Айгүл бар деген сияқты, арасында «Ғашықтар» журналын жарнамалап қойыпты (айтпақшы, одан басқа ашық продакт плейсментті байқамаппын, Баянның «Шайны» болмаса). Сосын бір эпизод бар – Мөлдір Мейрамбектен кейін студияда ән жазған кезде Баян оған ұрсады, сен өзі не айтып тұрғанын түсінесің ба деп, дәл сол эпизод ресейдің Мөлдір секілді золушка туралы кинода болатын (ал ол кино өз кезегінде сюжетімен Бернард Шоудың «Пигмалионына» еліктеген ғой деймін шамасы, бірақ біздің киноға байланысты жалғыз сол ғана эпизодты айтып отырмын).
    Дегенмен, қазақ киносының сапасы жақсарды, Ресейден 10 жыл артта қалып қойғанымыз болмаса… Олар шоу-бизнес туралы киноны 2000-жылдары көптеп түсіртеін.
    Ал енді өзіме не ұнады))? – киноның жартысы, әлде жартысынан көбі қазақша болғаны, сосын Мөлдірдің «Әдемі қызды» орындауы, дауысы керемет екен, бұл әнді олар КешЮмен орындаған кезде онша емес, жалғыз айтқанда (консерваторияда емтихан тапсырарда) өте тамаша орындапты. Кеше ютубты шұқылап отырсам, сол Мөлдір бұрында суперстарға қатысқан екен, бірақ ондыққа өтпей қалды ғой деймін.
    Димаш, кешір, чета көп сөйлеп кеттім))

    • Бір жағынан, Алия, сенімен келісемін. Алайда фильм әу баста шедевр шығарамыз деген бағытта жасалмаған сияқты. Мысалы, Сказ о розовом зайце біраз да болсын проф. деңгейде түсірілген. Және көздеген мақсаты да кассовый сбор болатын. Ал мына жерде әуесқой, және үлкен жарнама. Баян, Кешью, Ғашықтар әлемі журналы, Айгүл Иманбаева, жалпы өзінің атын раскруткаға жіберу.
      Сосын фильм жеңіл. Орташа біздің қауымның көңілінен шығатын. Ал Борецкий осының бәрін біліп отырып, қолдаған деп ойлаймын. Өз деңгейіне сай деген сияқты…

      Ал былайынша, фильм маған да ұнады. 🙂

    • Жоғ-е, рахмет, біраз білім алып қалдым:-)
      Есімде 90-жылдары, біз ол кезде әлі баламыз, старшактар бәрі бір үйге жиналып видиктен қытайдың арзан, сапасыздау, бірақ осындай жалпы көпшілікке арналған, ұрыс-керіс киноларын көретін. Енді қазір олардың қандай кино түсіріп жатқанына қараңыз. Саннан сапаға өту ережесі көп жағдайға дәл келе береді ғой, не болса да қазақ кинолары көптеп түсіріле бергені дұрыс, ал қайсысының жаман, қайсысының жақсы екенін анықтау Сіз бен біздің еншімізде:)

      • иә, 10 жылдан кейін бізде де сапалы кино түсіре бастайды деген үміттемін), бірақ басқалар бізді күтіп отырмайды ғой))

  5. Сен айтқан соң, қоймай жүріп, Душанбеде 3D-мен «Мега мозгты» көріп едім. Жаман емес екен. Енді мына фильмді де көрелік. Кинотеатрға көп бармайтын адамға Алматының қай кинотеатрына барған дұрыс деп ойлайсың? (типа, жасырын PR ғой. Мүмкін саған тегін билиеттерін беріп қалар 😉 )

    • муахахахаха))) қазір звондап шығайын кинотеатрларға, мүмкін біреуі болмаса біреуі келісіп қалар тегін билетке:):)
      Шалғайда демесеңіз Прайм Плазаға (кинотеатры «Star cinema», Райымбек-Саинде) барса болады. Кең, адам аяғы аз, отыратын жерлері де ыңғайлы, маған ұнайды. Спутниктегі «КиноПАРК»-те (Шаляпин-Момышұлы) жақсы. Глобустағыға бармадым, ал басқа кинотеатрлар көңілімнен онша шыға қоймады.

      • маған Синем плюс ұнайтын Сайран қасындағы:)
        Айтпақшы Қисық саған деген өкпем қара қазан!!!
        неге мен сенің блогроллымда жоқпын??? Қосуға тұрмайтын болғаным ма:((((

      • Жанна, бас әріптермен бақыртып тұрып қосып қойдым. Сол блогролды бір ретке келтіру керек еді, ерен санамай кеттім бір. Без обид, братан!:)
        City Plus-тың кинотеатрларының маған ұнайтыны – залдарының кеңдігі. Панорамалық фильмдер көруге күшті жер.

  6. трейлеріне қарап американ мотивіндегі топас кино сияқты ой келді. мына жазуыңнан кейін қарап көретін шығармын. бірақ сол алдын ала белгілі сценарий, оригинал ештеңесі жоқ сияқты болып көрінеді

    • Негізі әлемдік тұрғыдан алып қарағанда сол американ мотивіндегі топас кино да болуы мүмкін))) Бізді елітіп отырғаны отандық өнеркәсіптің өнімі болғандығы шығар…

  7. Фильмде Қаракөз Мөлдірге «жатақханадан кет, оқуға түспедің» дегеніне Мөлдірдің «Қаракөз апай, қайда барамын?» дегені сондай жаныма батты, шынайы шықты эмоциясы мед реакциясы мед опшым сен түсіндің деп ойлаймын 🙂

  8. маган Сити плюс катты унай коймады. мынау киноны сол жерден корип едим. бир гана унаганы орындыгына шалкайып жата алады екенсин, рахат! алдында «Рапунцельді» Толе би- Наурызбай батырдагы «Силк Уэйден» коріп ем, ол жердін кызыл залы тар екен. Ен жаксысы, «Спутник» пен «Цезарь» ма деп калам

  9. Болып кеткені , бұл жазбанын жарияланғаны қашаааааааааааааааан болсада ештен кеш жақсы дейді ғой. Пкірімді жазып қояйншы! Менің ойымша өте жақсы шыққан туынды. Әсіресе Мейрамбек! Мейрамбек Беспаевты «Алғашқы махаббат» киносынан кейін кинода екінші рет көріп отырмын. Мықты әнші, кинодағы рөлін де өте жақсы алып шықты. Браво Мейрамбек! Димаш маған да жазбан ұнады каз Like-ті менде басам =))

Leave a reply to elvira Жауап беруден бас тарту