Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp

Әәә, Қисық деген сен бе!?

Балғырған

Бұл сенбі алдындағы сенбіге  қарағанда мен үшін сәттірек болды – кездесуге құлшына бардым. Не болғанын, не дегенімізді, қалай дегенімізді Өрімталдан кейін қайта айытп жатпай-ақ қояйын, тек өзіме қатысты тұстарына тоқталып, суреттерді берермін. Шағын БлогКамп біршама істің басын қайыруға, пицца жеп, шай ішуге, жеке өз басыма бұрын көрмеген адамдарымды көріп, көрісіп, көзайым болып, танысып, қауышып, қол сілкілесіп, бас изесуге  көмектесті.

Қалдықыз, сыйлықтарыңа рахмет, сен берген магнит-тышқан тоңазтқыштың есігінде керулі тұр, ал мен шарфын шешіп алмақ болып тырысқан (мойынорағыштарды жақсы көремін) аққала-қоян жоғарғы полкадан көз тастауда.

Қағаз-қалам, футболка, баннер, тіркелгендер тізімі менің мойнымда. Сосын әкімшілік құжаттардың бір жағына шығамын. Әзірге осы. Нағыз ырс-ырс сол шараға бір ай қалғанда басталады ғой. Әзірге «тишина перед бурей».

Суреттерді салып отыруға көп уақыт кететін болған соң, Фэйсбуктегі альбомыма салдым. Көп болды деп те, аз болып қалды деп те ренжімеңіздер.

2 thoughts on “Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp

Пікір қалдыру